
Жұмабек Темірлан Амангелдіұлы 2000 жылы 10 ақпанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. "Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті" КЕАҚ бітірген.
01.10.2021 - 12.09.2022 - Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектермен жұмыс жөніндегі әдіскер, Бейнеу ауылы;
12.09.2022 - 11.07.2023 - Бейнеу ауданы әкімінің аппаратының іс жүргізу және құжат айналымы жөніндегі әдіскер, Бейнеу ауылы;
11.07.2023 - 07.09.2023 - Бейнеу ауданы әкімінің аппаратының жалпы бөлімі бас маманының міндетін уақытша атқарушы, Бейнеу ауылы;
07.09.2023-13.07.2025 - Бейнеу ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, Бейнеу ауылы;
14.07.2025 бастап қазіргі уақытқа дейін - Бейнеу ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы, Бейнеу ауылы.