Атырау қаласы мәслихатының шешімі жобасы

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ ЖОБАСЫ

 

Атырау қалалық маслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы №224 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атырау қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

  1. Атырау қаласы маслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы №224 «Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» шешіміне (әрі қарай - Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4184 болып тіркелген, 2018 жылы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

«Салық эәне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 704-бабы 3-тармағы шешімнің 1-абзацынан алынып тасталсын.

  1. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Атырау қаласы Мәслихатының инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

LXIV сессия төрағасы                                                                        А.Коныспаев

 

 Мәслихат хатшысы                                                                             А.Зайдуллин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау қалалық маслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы №224 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атырау қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
03 декабря 2020