Әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан мәселелерге қатысты ресми түсіндірме

Қызметтік пәтерлерге қатысты ресми түсіндірме

(2026 жылғы 1 ақпанда қоғам белсендісі Сандуғаш Кукенованың фейзбук әлеуметтік желісіне жарияланған бейнежазбасына жауап)

«Модерн» тұрғын үй кешенінен 2023–2024 жылдары қызметтік қажеттілік үшін пәтерлер сатып алынды. Аталған пәтерлер, қызметтік пәтер ретінде қызметкерлерді уақытша орналастыруға арналған.

Қызметтік пәтерлерді бөлу ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 109–110 баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкер қызметтен кеткен жағдайда, пәтер мемлекет меншігіне қайтарылып, басқа қызметкерге уақытша беріледі.

 

Алмалы ауылындағы жер кезегіне қатысты ресми түсіндірме

(2026 жылғы 22 ақпанда қоғам белсендісі Рүстем Баязиевтің фейзбук әлеуметтік желісіне жаричлаған бейнежазбасына жауап)

2013 жылы Алмалы ауылдық округі әкімдігі ғимаратында өрт болған. Өрттен кейін табылған қатты дискідегі жер кезегінің тізімі өзгеріссіз сақталып, тұрғындарға қайта құжат тапсыру туралы хабарландыру берілді.

Жиналған материалдар қалалық жер қатынастары бөліміне жолданып, дәлелді құжаттары бар және жоқ азаматтардың тізімі жасақталды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы №255 бұйрығына сәйкес, азаматтарды жер кезегіне тек құжаттық дәлелдер немесе сот шешімі болған жағдайда ғана қалпына келтіруге болады.

Осыған байланысты:

  • дәлелді құжаттары бар азаматтар – кезегін қалпына келтіреді;
  • дәлелді құжаттары жоқ азаматтар – сот шешімі арқылы кезегін қалпына келтіруге құқылы екені түсіндірілді.

 

Дата публикации
05 февраля 2026