Атырау қаласының 2020 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп
Қала бойынша өнеркәсiп өнiмінің көлемі 598493 млн. тенге құрайды. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 103,6%.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 265301 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 106,6% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде 283838 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 99,1% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі 10783,4 млн.теңге құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 102,3%.
Қала бойынша 2431,6 тонна ет, 3729,4 тонна сиыр сүті, 196,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 9,1%-ға, сиыр сүті – 1,5%-ға, жұмыртқа – 2,4%-ға артты.
Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 6714 бас (110,7%), қой мен ешкі – 5148 бас (111,1%), жылқы – 2029 бас (1,5 есе), түйе – 1572 бас (105%) құрады.
2020 жылы шаруашылықтармен барлығы 63343 тонна өнімі алынды, оның ішінде: картоп- 6787 тн, көкөніс- 41653 тн, бақша -12386 тн, мал азықтық дақылдар - 2517 тн.
Кәсіпкерлік
Қала бойынша 40322 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9%.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 34660, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103% құрап отыр.
Сауда
Бөлшек сауда көлемі 213062,8 млн. теңгені құрады, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 94,1%.
Қала аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыруға 68 сауда орны ұсынылды.
2020 жылдың 5 қаңтарында базар және супермаркет иелері мен әкімдік арасында 13 «Өзара ынтымақтастық Меморандумына» қол қойылды. Меморандумға сәйкес қала базарларынан шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілерге 146 сауда орны бөлінген.
Жергілікті тауарөндірушілерді қолдау, делдалсыз өнімдерін халыққа арзан бағамен ұсыну мақсатында барлығы 33 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 261933 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 109,8%. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 9,9%-ды құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 98840 млн. теңге құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 51,5% құрап отыр. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 14,3% құрайды.
Тұрғын-үй құрылысына 21608,0 млн. теңге инвестиция жұмсалынды, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,1%.
Қала бойынша жалпы 456955 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 88,9%. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 288457 шаршы метр немесе 86,2%. Қала бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің саны – 3754 (86,5%).
Жұмыспен және әлеуметтік қамту
Есепті кезеңде жұмыспен қамту мәселесі бойынша 13540 адам өтініш білдірді. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны - 7089 адам.
Жұмысқа орналасқандары саны 5560 адам, оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесіне 366 адам жіберілді, қоғамдық жұмысына 1249 адам, тұрақты жұмысқа – 3713 адам орналастырылды.
2020 жылдың қазан айында қала аумағында 9881 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Қала бойынша 485 жанұяның 2548 алушысына 168,4 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Үйден оқытатын 219 мүгедек балаға 7,7 млн. теңге материалдық көмек тағайындалды.
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық құралдарына және санатория-курорттық жолдамаға арызданған 964 мүгедектің өтініштері қанағаттандырылды. Міндетті гигиеналық құралдармен 1408 мүгедектің сұраныстары қанағаттандырылды. Облыстық мүгедекті оңалту орталығына 179 адамға жолдама берілді.
Демография
2020 жылдың 1 қазанына қаланың халық саны 362319 адамды құрады, бұл 2020 жыл басымен салыстырғанда 2% өсіп отыр (7202 адам), бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айында туғандар саны 7550 адам, өлгендер саны 2129 адам.
Құқықтық тәртіп
2020 жылдың қаңтар-қазан айында барлық қылмыс түрлері бойынша 2878 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,9%. (2019 ж. – 4369 бірлік). Оның ішінде: өте ауыр қылмыс саны тіркелген – 24 бірлік, ауыр қылмыс саны – 850 бірлік, орташа ауыр қылмыс саны – 1259 бірлік, өте ауыр емес қылмыс саны – 370 бірлік.