«Қалалық құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесіне
жер учаскесіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабын 5-1-тармақшасына және 69-бабын 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына сәйкес, қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Атырау қаласында кәріздік тазарту құрылыстары үшін 110/10 кВ қосалқы станциясын сал үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз, Атырау қаласы, Сары Өзек аумағы мекенжайында орналасқан кадастрлық №04-066-001-4396 жер учаскесінен көлемі 10,8440 гектар жер учаскесіне 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Мукасовқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ш.Кейкин