Атырау қаласының 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 237155 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 110,1% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде 255953 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 99,9% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі 8439,1 млн.теңге құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 101,5%.
Қала бойынша 2133,8 тонна ет, 3679,3 тонна сиыр сүті, 194,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 8,3%-ға, сиыр сүті – 1,5%-ға, жұмыртқа – 2,4%-ға артты.
Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 6341 бас (103%), қой мен ешкі – 4987 бас (107,6%), жылқы – 1923 бас (144,4%), түйе – 1554 бас (103,6%) құрады.
Кәсіпкерлік
Қала бойынша 40182 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,8%.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 34544, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,4% құрап отыр.
Сауда
Бөлшек сауда көлемі 188359,4 млн. теңгені құрады, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,3%.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 215264 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 97,5%. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 8,8%-ды құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 89435 млн. теңге құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 49,9% құрап отыр. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 14,7% құрайды.
Тұрғын-үй құрылысына 16214,3 млн. теңге инвестиция жұмсалынды, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,2%.
Қала бойынша жалпы 323458 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 66,3%. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 225720 шаршы метр немесе 73,2%. Қала бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің саны – 2783 (66,8%).
Жұмыспен және әлеуметтік қамту
Есепті кезеңде жұмыспен қамту мәселесі бойынша 12157 адам өтініш білдірді. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны - 6997 адам.
Жұмысқа орналасқандары саны 3994 адам, оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесіне 349 адам жіберілді, қоғамдық жұмысына 1211 адам, тұрақты жұмысқа – 2248 адам орналастырылды.
2020 жылдың қыркүйек айында қала аумағында 6034 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Қала бойынша 451 жанұяның 2358 алушысына 147,4 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Үйден оқытатын 211 мүгедек балаға 6,6 млн. теңге материалдық көмек тағайындалды.
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық құралдарына және санатория-курорттық жолдамаға арызданған 756 мүгедектің өтініштері қанағаттандырылды. Міндетті гигиеналық құралдармен 2092 мүгедектің сұраныстары қанағаттандырылды. Облыстық мүгедекті оңалту орталығына 121 адамға жолдама берілді.
Демография
2020 жылдың 1 қыркүйекке қаланың халық саны 361309 адамды құрады, бұл 2020 жыл басымен салыстырғанда 1,7% өсіп отыр (6192 адам), бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.
2020 жылдың қаңтар-тамыз айында туғандар саны 6505 адам, өлгендер саны 1905 адам.
Құқықтық тәртіп
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айында барлық қылмыс түрлері бойынша 2555 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,5%. (2019 ж. – 3900 бірлік). Оның ішінде: өте ауыр қылмыс саны тіркелген – 19 бірлік, ауыр қылмыс саны – 763 бірлік, орташа ауыр қылмыс саны – 1119 бірлік, өте ауыр емес қылмыс саны – 317 бірлік.