"Атырау қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы" АТЫРАУ облыстық мәслихатының шешімі жобасы

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ ЖОБАСЫ

 

 

 

 

Атырау  қаласында  сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151, «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ заңдарына,                                       ҚР СТ 1633-2015 «Қалалық және ауылдық елді мекендердің автомобиль жолдарындағы және аумақтарындағы сыртқы жарнама» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Атырау облысының Атырау қаласында шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінеген белдеуінде орналыстырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың тәртібі мен шарттары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы Мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы І.Баймұхановқа және Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Ажигалиеваға (келісім бойынша) жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                             

 

Мәслихат хатшысы

 

 

 

 

 

 

Атырау облыстық мәслихатының

2020 жылғы «    » _______

№_________ шешіміне қосымша

 

 

Атырау қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы
ҚАҒИДА

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Атырау қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы қағида (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151, «Жарнама туралы» 2003 жылғы                                        19 желтоқсандағы №508, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы     16 мамырдағы №202-V ҚРЗ заңдарына, ҚР СТ 1633-2015 «Қалалық және ауылдық елді мекендердің автомобиль жолдарындағы және аумақтарындағы сыртқы жарнама» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес әзірленді.
  2. Қағида сыртқы (көрнекі) жарнама (бұдан әрі – Жарнама) объектілерін орналастыру, Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі қала мүлкін пайдалану, Жарнама объектілерін орнату және пайдалану, Атырау қаласының аумағында Жарнама объектілерін орнатуға рұқсат беру және осы Қағиданың сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
  3. Осы Қағида Атырау қаласының аумағында Жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі процесінде туындайтын қатынастарға қолданылады.
  4. Жарнама объектілерін орналастыру мен орнату осы Қағида белгіленген тәртіппен уәкілетті орган рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

 

  1. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

  1. осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;

2) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде теле-радио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

3) маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыс жайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;

4) сілтеуіш - жерде немесе байланыс желісі мен жарықтандыру тіректерінде орнатылған, ұйымның, сауда немесе өзге де объектінің орналасқан жерін көрсететін және оған тікелей жақын орналасқан, оның атауы, сондай-ақ оның дараландыру мен навигация құралдары туралы ақпаратты қамтитын, көлемі кемінде екі шаршы метрге дейінгі жарнама құрылғысы;

5) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;

6) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылыс жайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде, экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;

7) уәкілетті орган – Атырау қаласының аумағында жарнаманы шығару, тарату мен орналастыруды бақылауды жүзеге асыратын Атырау қаласы әкімдігінің құрылымды бөлімшесі;

8) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер

(гүл құмыралары, павильондар, шатырлы орын-жайлар, орындықтар, қоқыс тастайтын жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

9) ретсіз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орны мен тәсiлiне, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;

10) жұмыс тәртібі туралы ақпарат - қосымша бөлшектер мен құрылғылар арқылы ғимаратқа кіруде сыртқы қабырғаға немесе кіреберістегі есіктерге орнатылатын тиісті субъектінің ресми атауы және оның жұмыс кестесі туралы ақпараттық сипаттағы мәлімет;

11) шатыр құрылғысы - ғимараттың (құрылыстың, құрылғының) төбесінде орнатылған, онда Жарнама объектілерін орналастыруға арналған металлды қаңқа;

12) консольдік құрылғы - маңдайшаны, жұмыс тәртібі туралы ақпаратты орнатуға пайдаланылатын, ғимараттың қасбетіне перпендикулярды түрде орналасқан тірек, кронштейн түрінде орындалған конструкция түрі;

13) жарнама алаңының тұжырымдамасы - жарнама орны шегінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы, маңдайшалар мен жарнаманың өзге де объектілерін орналастыру үшін ғимараттың (құрылыстың, құрылғының) немесе жарнамалық-ақпараттық құрылғы сыртқы тегістігін кешенді ресімдеу мен жабдықтауды көздейтін, бөлек құжат немесе жылжымайтын мүлік объектісін салу, қайта жаңарту кезінде жалпы жобалау құжаттамасының бөлігі түріндегі сәулет және қала құрылысы органы келісетін сәулеттік-көркемдік тұжырымдама.

Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

  1. Қағиданың мақсаты мен міндеттері

 

  1. Ереженің негізгі мақсаты мен міндеттері:

1) жарнаманы тарату, орналастыру мен пайдалану үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

2) ретсіз жарнама орналастырудың алдын алу және оған жол бермеу;

3) жарнама объектілерінің пайдаланылуын, сондай-ақ, оның таратылуы мен орналастырылуын бақылау.

 

  1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне қойылатын талаптар

 

  1. Жарнаманы орналастыру плакат, транспарант, флаг, стенд, жарық беруші табло, билборд, стела, нұсқағыш, афиша түрінде және жарнама құрылғыларында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде, жарнаманы станционарлық орналастырудың өзге де объектілерінде жарнамалық суреттерді және жазуларды салу мен көрсетудің өзге де тәсілдерімен жүзеге асыралады.

Сауда объектілері, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет саласындағы объектілер орналастыратын:

маңдайша;

жұмыс тәртібі туралы ақпарат;

мынадай сипаттағы сырттан көру үшін сөре мен терезенің сыртқы және ішкі рәсімделуі:

сауда өнімінің үлгілері;

меншік бейімделу құралдары;

декоративтік және мерекелік безендіру сияқты жарнама объектілері Жарнама объектілеріне жатпайды.

  • Жылжымайтын объектілер толығымен не олардың жекелеген бір бөлігі тиісті субъектінің меншік құқығында, өзге де мүлік құқығында иелігінде болса, сондай-ақ азаматтық –құқықтық мәміле негізінде оның пайдалануында болса, Жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беріледі.

Көлік құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері сақтала отырып, көлік құралдарының меншік иелерімен және егер заңда немесе шартта осы мүлікке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлік құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

  1. Атырау қаласында орналастырылатын Жарнама объектілер қауіпсіз, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
  2. Құрылыстың жаңа объектілері бойынша жарнама алаңының тұжырымдамасы жобалау мен нобайлық жобаны әзірлеу сатысында әзірленеді.
  3. Ғимаратты (құрылыстарды, құрылғыларды) қайта жаңарту кезінде жарнама алаңының тұжырымдамасы қайта жаңарту жөнінде жобалау құжаттаманың бір бөлігі ретінде әзірленеді.
  4. Атырау қаласының аумағында орналастырылатын жарнама құрылғыларының үлгілерін уәкілетті орган қарайды және келіседі.
  5. Жарнама:

1) жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетпеуі;

2) көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауы;

3) жол белгілеріне және нұсқағыштарға ұқсас болмауы, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауы;

4) жол пайдаланушылардың көзін қарықтырмауы;

5) жол белгісінде, оның тірегі немесе қозғалысты реттеуге арналған кез келген басқа құрылғыда орналаспауы;

6) жол қозғалысын реттеу құралдарын көруді нашарлатпауы немесе олардың тиімділігін төмендетпеуі;

7) ішкі және сыртқы жарықтандыруда жол белгілерінің фотометриялық сипаттарынан жоғары бейнелеу бөлшектерінің жарықтығына ие болмауы;

8) жасанды жарықтандыру жоқ жол белгілері бар жолдардың учаскелерінде тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырмауы;

9) көлік айналымы, автомобиль жолдарының қиылыстары мен қосылу, теміржол өтпелері мен жасанды құрылыстар көрінетін есептік қашықтықтан жақын аймақта орналаспауы тиіс.

  1. Тарих мен мәдениет ескерткіштер, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда Жарнаманы орналастыруға жол берілмейді.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірілуі мен сатылуына тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Жарнамасына жол берілмейді.

Егер жарнама беруші жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға жататын болса, онда тиісті тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде лицензияның нөмірін және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

  1. Жарнама құрылғыларына қойылатын талаптар:

1) ішкі және сыртқы жарықтандыруда Жарнама бейнесіндегі бөлшектеріндің жарықтығы 2010 жылғы 6 желтоқсандағы №546-од ҚР СТ 1125 «жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары. Жол белгілері. Жалпы техникалық талаптар» (МемСТ 10807-78)» бойынша жол белгілерінің фотометриялық сипаттарын жоғары болмауы тиіс;

2) жарнама құралдарының құрылғы талаптарға және белгіленген тәртіппен қолдану үшін қабылданған және (немесе) рұқсат берілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес келетін жүктемелер мен әсер етушілерді ескерумен жобалану, өндірілу мен орнатылу тиіс;

3) қаттылық пен бекітілудің конструктивтік бөлшектері (бұранды бірігулер, тірек бөлшектері, технологиялық жабынды және басқалар) безендіру бөлшектерімен жабылуы тиіс;

4) жарнаманы орналастыру құралдарын бекіту кезінде құрылғылардың зақымдануына, сондай-ақ олардың беріктігі мен орнықтығын азайтуға жол берілмейді;

5) жарнама құралдарына электр және өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз ететін, өнеркәсіптік өндірілген жарықтандыру құралдары пайдаланылады. Электр желісіне қосылатын жарықтандыру құралдары мен құрылғылары Электр құрылғыларын орнату ережесінің талаптарына, ал оларды пайдалану – Пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережесінің талаптарына сәйкес болуы тиіс;

6) жарнама ішкі және сыртқы жарықтандыру кезінде жарықтандыру құралдары мен құрылғылары жол жүру бөлігіне жарық сәулесі тікелей түспейтіндей орнатылуы тиіс. Маңдайшаның жарықтандыру жылт-жылт еткен, бәсеңдетілген жарығы болмауы тиіс, тұрғын орынжайлардың терезелеріне сәулелерді тікелей бағыттамауы тиіс;

7) жарықтандыру құралдары мен құрылғыларын бекіту олардың құрылғы тірек бөлігімен берік қосылуын қамтамасыз ету және жүктемелер мен әсер етушілердің нормативтік жел, қар, вибрация және басқа да түрлерін көтеру тиіс;

8) жарнама жарығын қосу мен өшіру сыртқы жарықтандыру қосумен және өшірумен бір уақытта жүргізілуі тиіс;

9) жарнама құралдарында жарнама ақпаратын ауыстыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын сақтаумен көлік құралдарының көгалдандырылған жерге кірусіз жүргізілуі тиіс;

  1. Жарнама құрылғыларын, маңдайшаларды, жұмыс тәртібі туралы ақпаратты орналастыру, жайма сөре мен терезелерді безендіру кезінде:

1) маңдайшаны орналастыру орнына қойылатын талаптарды бұзуға;

2) әріптердің тік орналасуына;

3) терезе және есік орындарын, сондай-ақ витраждар мен жайма сөрелерді толығымен немесе ішінара жабуға;

4) жарнама құрылыстарын, маңдайшаларды лоджия және балконда орналастыруға;

5) жарнама құрылыстарын, маңдайшаларды тұрғын орынжайлар шегінде, толығымен немесе ішінара жабуға;

6) жарнама құрылыстарын, маңдайшаларды объектілер қасбеттерінің сәулеттік бөліктерінде, соның ішінде колонналарда, пилястраларда,ою-өрнектерде, жапсырылыс мәнерлегенген заттарда орналастыруға;

7)  жарнама құрылыстарын, маңдайшаларды орнатылған мемориалдық тақтайшалардан кемінде екі метр қашықтықта орналастыруға;

8) көше атауы мен үй нөмірінің сілтемелерін жабуға;

9) жарнама құрылыстарын, маңдайшаларды қасбеттің үстіне                         сәнді-көркемдік және (немесе) мәтіндік бейнені (сырлау, жабыстыру әдісімен және өзге де әдістермен) тікелей салу, сыртқы (көше) жағынан жайма сөре мен терезені безендіру арқылы орналастыруға, жарық қорапшасымен және жарық экрандармен витрина әйнегін ауыстыруға;

10) құрылғы жайма сөресінде электрондық тасығыштарды – экрандарды жайма сөре әйнегінің барлық биіктігіне және (немесе) ұзындығына орнатуға;

11) жарнама құрылыстарын, маңдайшаларды бір бірінен кемінде 10 (он) метр қашықтықта орналастыруға;

12) жарнаманы (маңдайшаларды, жұмыс тәртібі туралы ақпаратты) қоршау құрылғы (қоршауда, шлагбаумда, құрылыс қоршауларын қоспағанда) орналастыруға;

13) жарнама құрылыстарын бөлек тұрған жиналмалы құрылғы – штендерлер ретінде орналастыруға;

14) объектінің бір қасбетінде бір уақытта бірнеше ұйымның, жеке кәсіпкердің маңдайшаларын орналастыруға жол берілмейді.

Көрсетілген маңдайшалар бір биіктікте қатарда бірыңғай деңгейлес сызықта (бір деңгейде, биіктікте) орналасуы тиіс.

  1. Маңдайшалар мынадан тұрады:

1) ақпараттық алаңнан (мәтіндік бөліктен);

2) сәнді-көркемдік бөлшектерден.

Сәнді-көркемдік бөлшектердің биіктігі маңдайшаның мәтіндік бөлігі биіктігінен бір жарым еседен аспауы тиіс;

  1. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғылардың сыртында орналастырылатын жарнама құрылғылары мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) егер орынжайлар объектілердің жертөле немесе төменгі қабаттарында орналасқан болса және жарнама құрылғыларын (маңдайшалардың) орналастыру мүмкіндігі болмаса, олар жертөле немесе төменгі қабаттың терезелері үстінен, бірақ жер деңгейінен жарнама құрылғыларының (маңдайшалардың) төменгі шетіне дейін кемінде 0, 60 м орналастырылуы мүмкін. Бұл ретте, жарнама құрылғысы (маңдайша) қасбет тегістігінен                   0,10 м шығып тұрмауы тиіс;

2) ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылардың сыртқы тегістігінде орналастырылған жарнама құрылғыларының барынша көлемі ұзындығы бойынша сол ұйымдар, жеке кәсіпкерлер алып отырған орынжайларға сәйкес келетін қасбет ұзындығынан 70 пайыздан аспауы және жалғыз құрылғы үшін кемінде 15 метр болуы тиіс;

3) қасбет ұзындығынан 70 пайыз шегінде ұқсас өзара байланысқан бөлшектер кешені түріндегі (ақпараттық алаң (мәтіндік бөлігі) және сәнді-көркемдік бөлшектер) жарнама құрылғыларын орналастыру кезінде әрбір көрсетілген бөлшектің барынша көлемі ұзындығынан 10 метрден аспауы тиіс;

4) объект қасбетінде фриз болса, қабырғадағы жарнама құрылғыс тек фризге ғана оның биіктігі бойынша орнатылады;

5) объектінің қасбетінде күнқағар болса, қабырғадағы құрылғы күнқағарды фризінде оның мөлшері бойынша орналастырылуы мүмкін;

6) консольдік құрылғы мынадай талаптарға сәйке болып, ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғылар қасбетінің бір көлденең тегістікте орналасады:

консольдік құрылғы арасындағы қашықтық кемінде 10 метр болуы тиіс;

консольдік құрылғы қасбеттің шегінен кемінде 0,2 метр қашықтықта, ал оның бетінің шеткі нүктесі қасбет тегістігінен кемінде 1 метр қашықтықта болмауы тиіс. Консольдік құрылғы биіктігі 1 метрден аспауы тиіс.

7) жайма сөрелер мен терезелерді безендіру талаптарға сәйкес болып, объектілер жайма сөренің ішкі және әйнек жағынан жүргізіледі:

Сөреде оның ішкі әйнек жағынан орналастырылатын жайма сөрелік құрылғы (электрондық тасығыштар – экрандар қоса алғанда) барынша көлемі биіктігі  бойынша жайма сөре әйнегі мөлшерінің жартысынан және ұзындығы бойынша жайма сөре әйнегі мөлшерінің жартысынан аспауы тиіс;

Сөрелер мен терезелерді безендіру кезінде сөре әйнегі мен сөре құрылғы арасында қашықтық кемінде 0,15 метр болуы тиіс.

  1. Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкер) және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) маңдайшаға қосымша төбеде төмендегі талаптарға сәйкес құрылғы орналастыра алады:

1) егер заңды немесе жеке тұлға ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғы иесі болса не оның Жарама объектісіне орналастыру туралы шарты болса, ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғылардың төбесінде жарнама құрылғысын орналастыруға рұқсат беріледі;

2) төбедегі құрылғы ол орналастырылатын қасбетке қатысты оның ұзындығының жартысынан аспауы тиіс;

3) ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылардың төбесінде орналастырылатын құрылғы (маңдайшаларының) биіктігі:

1-2 қабатты объектілер үшін – кемінде 0,80 м;

3-5 қабатты объектілер үшін – кемінде 1,20 м;

6-9 қабатты объектілер үшін – кемінде 1,80 м;

10-15 қабатты объектілер үшін – кемінде 2,20 м;

16 және одан да астам кабаттар бар объектілер үшін – кемінде 3 метр болуы тиіс.

  1. Төбе құрылғыларындағы жарнаманы ақпараттық құрылғымен бірге бөлшектеу кезінде қаттылық мен бекітілудің құрылғы бөлшектерін (бұранды бірігулер, тірек бөлшектері, технологиялық жабынды және басқалар) бөлшеутеу қажет.
  2. Маңдайшаларды орналастыру нобайлары мен жарнама алаңының тұжырымдамасын «Қалалық сәулет және қала құрылысы» және «Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен келісуі тиіс.

 

  1. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар

 

  1. Жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – Рұқсат) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
  2. Тиісті жылжымайтын мүліктің меншік иесінің өтініші немесе өзге де заңды иесінің өтініші бойынша не Жарнама объектісі иесінің өтініші негізінде Жарнама объектісін орнату мен пайдалануға рұқсат беріледі.
  3. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тиісті рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінуі, оларды қарау мен рұқсат беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

  1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға

рұқсат алу

 

  1. Атырау қаласында Жарнама объектісін орналастыруға ниет білдерген тұлға уәкілетті органға жазбаша өтініш жолдайды:
  2. Өтініште:

1) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы                   (бар болса – телефон, факс), заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

2) ұйым атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) Жарнама объектісінің мәні және негізгі өлшемдері;

4) өтініш беруші таңдаған Жарнама объектісін орналастыру орнын негіздеумен оның орналасу жерінің мекенжайы көрсетіледі.

  1. Рұқсат алу үшін хабарламаға мыналар қоса беріледі:

 1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;

3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.

 

  1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін бөлшектеу

 

  1. Төмендегі жағдайларда Жарнама объектілері, маңдайшалар уәкілетті органның талабы бойынша сот тәртібімен бөлшектенуге жатады:

1) қала құрылысының қалыптасқан сыртқы сәулет бейнесі бұзылса;

2) Жарнама объекстінің, жұмыс тәртібі туралы ақпарат пен оның аумақты орналасуының белгіленген талаптарға сәйкес болмауы анықталса;

3) маңдайшалар, жұмыс тәртібі туралы ақпарат Қағиданын талаптарын бұзумен орнатылса.

  1. Егер Жарнама объектісі жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмесе, Атырау қаласы Полиция Департаментінің Жергілікті полиция басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданады.

 

  1. Ақпараттық жарнама конструкцияларының мазмұнына қойылатын талаптар

 

  1. Жарнама құрылғылары, маңдайшалар, жұмыс тәртібі туралы ақпарат техникалық қалыпты жай-күйде ұсталу, кір мен өзге де қоқыстан тазартылуы тиіс.
  2. Оларда орнатылған маталарда механикалық зақымдардың, қиылулардың (жыртықтардың), сондай-ақ конструкция тұтастығы бұзуылуының бар болуына жол берілмейді.
  3. Жарнама құрылғыларында хабарлама, тыс жазулар, суреттер және сол ақпараттық жарнама конструкциясына қатысы жоқ басқа да хабар орналастыруға жол берілмейді.

 

 

"Атырау қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы" АТЫРАУ облыстық мәслихатының шешімі жобасы
Дата публикации
10 ноября 2020