ХАБАРЛАНДЫРУ
Атырау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін уақытша (1 жыл) сауда орындарын ұсыну бойынша өтінім қабылдау басталғандығы хабарланады.
Негізі: Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы №1467 «Атырау қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне дүңгіршіктерді қоспағанда, автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу және бекіту туралы» қаулысы.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні: 14 шілде 2025 жыл
Өтінімдерді қабылдаушы жұмысшы орган: «Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Мекен-жайы: Махамбет Өтемісұлы 72
Өтінімдерді қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1) өтініш;
2) заңды тұлға және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің/хабарламаның көшірмесі (заңды тұлға, жеке тұлға (жеке кәсіпкерлер/ шаруа қожалығы);
3) сенімді өкілдің өкілділігін растайтын құжаттар (бұйрық түпнұсқасы,сенімхат,құрылтайшының шешімі туралы бұйрық);
4) шаруа қожалықтары үшін өтінім беру уақытына шаруашылықтың жұмыс жүргізіп отырғанын растайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінен анықтама (тұпнұсқа);
5) тауарлардың түрлері және баға тізілімі;
6) шатыр немесе автодүкен эскизі фотосуреті.