2023 жылдың 17 мамыр күні қала әкімінің орынбасары Ермұханов Нұржан Мақсотұлының төрағалығымен Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1.Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаралуына келіп түскен ұсыныс құжаттар.
Күн тәртібіндегі 1 ші мәселе бойынша Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған Балалар үйінің» КММ-нің ұсынысына сәйкес 1 тәрбиеленуші сәби анасының тәрбиесіне қайтарылды.
2 ші мәселе бойынша Атырау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі, Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Э.Имангазиева 2023 жылдың 4 айы бойынша «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың және оларға қарсы жасалған қылмыстың алдын-алу» бағытында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны 2023 жылдың 4 ай ішінде -30 (2022 ж-21) 42,86%-ға көбейіп отыр, оның ішінде жыныстық тиіспеушілік 16 (8) өсіп отыр.
Осыған орай, комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын-алу бағытында жүргізілетін жұмыстары туралы мәселе талқыланып, тиісті мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар берілді.