Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі №753 қаулысы
«Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын басшылыққа алып, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған «Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережебекітілсін.
- Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылдың 11 қыркүйегіндегі №1552 «Қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» және 2022 жылғы 5 мамырдағы №1009 «Атырау қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Қалауи