ХАБАРЛАНДЫРУ

Қайыршақты ауылдық округі әкімдігі  2022 жылғы 25 қараша күні  сағат 15:00 де округ бойынша жергілікті қоғамдастық жиынын өткізді. Округке қарасты елді-мекендер көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагерлері және еңбек ардагерлері Абылай хан, Қабанбай батыр, Айдналиев Зияддин, Байсейтов Жолдас, Байжанов Айтыш, Ғабдуллин Әдбуғали, Кенжеғалиев Құмар, Дауенов Шөпенғали, Мирмашев Сисен, Орынбасаров Бисембай, Оразов Лұқпан, Оразов Тынышбай, Сатыбалдиев Раип, Сарсенов Шамсутдин, Шаданов Злиха, Черниязов Аубекер есімдерін беру жөнінде қаралған мәселе қоғамдастық өкілдері тарапынан қолдау тапты.

Дата публикации
06 апреля 2023