Қайыршақты ауылдық округі әкімдігі 2023 жылғы 02 наурыз күні сағат 15:00 де округ бойынша жергілікті қоғамдастық жиынын өткізді. Округке қарасты елді-мекендер көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагерлері және еңбек ардагерлері Ахметов Қабдол, Беркінов Әмір, Кереев Өтеғали, Оразов Дәрмен, Раисов Фазым, Ғалымжанұлы Файзолла, Көшеков Иман, Рсалиев Сұлтан есімдерін беру жөнінде қаралған мәселе қоғамдастық өкілдері тарапынан қолдау тапты.