Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округіне сайланған әкімді тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 8 тамыздағы шешімімен сайланған Еркінқала ауылдық округі әкімін 2022 жылғы 8 тамызда тіркеді:
Мұхтар Молдағалиұлы Құмарғалиев 1966 жылы туған, Еркінқала ауылдық округінің әкімі, Еркінқала ауылдық округінің тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Атырау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы