«ARPANET» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің жер
учаскесіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1 тармағына және 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «ARPANET» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (180540030242) диаметрі 40 мм полиэтилен құбырымен қапталған 96 талшықты-оптикалық кабель жүргізу үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Жайық өзенінің оң жақ жағалауындағы Әлиев көпірінен Надежда Крупская көшесіне (АГУ аумағы) дейінгі аралықта орналасқан ұзындығы 1860-2000 метр жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Қалауи