Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қала аумағындағы иесі бар иттердің адам қабу, тұрғындар қауіпсіздігі мен мүліктеріне нұқсан келтіру жағдайларының жиілеуіне орай, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес үй жануарларын есепке қою, үй жануарларын стерилизациялау жұмыстарын жүргізу сұралады.
Жануарлар иелері үй жануарларын ұстау және серуендетуге қойылатын Заң талаптарына сәйкес иттердің өз бетінше серуендеуіне, масаң күйдегі адамдардың оларды серуендетуіне, ерекше жауапкершілікті талап ететін жануарларды 16 жасқа толмаған адамдарға серуендетуге, белгіленген орындардан бөлек орындарда қарғабаусыз серуендетуіне тыйым салынады.
Атырау қаласы бойынша үй жануарларын есепке қою жұмыстарын жүргізу үшін «Атырау қалалық ветеринария стансасы» КМК-на Атырау қаласы Махамбет Өтемісұлы көшесі 118Е мекен-жайы, электронды поштасы kgp_vet@mail.ru, 30-38-79 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады. Ауылдық округ тұрғындары осы мәселе бойынша жергілікті әкімдікке жолығуына болады.