2022 жылғы 3 қазанда «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері» бойынша қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті

2022 жылғы 3 қазанда «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері» бойынша офлайн формата қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысты қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Гилымов ашып,  Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізудегі басты назарға алатын шаралар туралы атап өтті.

Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселеқаралды:

  1. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын қадағалау (Қалалық АСК төрағасының орынбасары А.Давлетов);

 

  1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық кезеңінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен оқытуды ұйымдастыру(Қалалық АСК мүшесі А.Каримжанов);

 

  1. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайларын анықтап қамтамасыз ету(Қалалық АСК мүшесі А.Шалабаева);

 

  1. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру;

Отырыс соңында Н.Гилымов аумақтық сайлау комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, ұйымдастыру іс-шарала­рын­ комиссия мүшелеріне бөліп беріп, толық деңгейде қамтылуды тапсырды.

 

 

 

 

2022 жылғы 3 қазанда «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері» бойынша қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Дата публикации
05 октября 2022