Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ХАБАРЛАМА

  Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

ХАБАРЛАМА

 

2022 жылғы 7 тамызда Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің  сайлауы өтті.

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9487 азамат енгізілді, олардың 5867-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 241, "барлығына қарсы" – 412.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кумаргалиев М.М. – 3584; Хабибуллин Т.А.– 307; Хисин Н.Н. – 1323.

 

Еркінқала ауылдық округінің әкімі болып Мұхтар Молдағалиұлы Құмарғалиев сайланды, 1966 жылы туған,  Еркінқала  ауылдық округінің әкімі, Еркінқала ауылдық округінің  тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

 

 

 

    Атырау қалалық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 августа 2022