АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 14 шілдеде Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2022 жылғы 7 тамызға тағайындалған Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауына «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық филиалы ұсынған кандидат Мухтар Мулдагалиевич Кумаргалиевтың құжаттары түсті.
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауына құжаттарын ұсынған кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2022 жылғы 7 тамызға тағайындалған Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 9 шілде мен 22 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы