Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ №8

8 шілде 2022 жыл                                                      Атырау қаласы

 

 

Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 – бабына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 7 тамызға Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 7 тамызға тағайындалған Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет- парақшасында және Атырау облыстық саяси-қоғамдық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жариялансын.

 

                                                                         

Атырау қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                        Е.Жумагалиев

 

Атырау қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                        А.Арыстанова

 

 

Дата публикации
08 июля 2022