Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ №7

8 шілде 2022 жыл                                                    Атырау қаласы

 

 

Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің сайлауы

бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 – бабы 6) тармақшасына, 21 – бабының 4 тармағына, 22 – бабына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша:

Еркінқала ауылдық округінің шекарасында Еркінқала ауылының әкімін сайлау бойынша Еркінқала сайлау округі құрылсын;

  1. Сайлау округінің тізімі оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және Атырау облыстық саяси-қоғамдық «Атырау» және «Прикаспийский коммуна» газеттерінде жариялансын.

 

                                                                         

Атырау қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                        Е.Жумагалиев

 

Атырау қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                        А.Арыстанова

 

 

 

Дата публикации
08 июля 2022