Атырау қаласының 2022 жылғы қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары
Бюджет
2022 жылға нақтыланған қала бюджеті көлемі (01.05.2022ж) – 268 млрд.034 млн.742 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Бюджетттік алып қоюлар – 162 млрд.148 млн.659 мың теңге;
РБ - тен трансферттер –18 млрд. 672 млн. 930 мың теңге, оның ішінде:
Даму бюджеті – 15 млрд.892 млн.382 мың тенге (инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу – 6 млрд. 223 млн. 514 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңартуға(КЖО оң жағалау) - 6 млрд.391 млн. 266 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка) –500 млн.тенге, автомбиль жолдарының құрылысына – 1 млрд.461 млн. 252 мың тенге, автомобиль жолдарын реконструкциялауға - 1 млрд.266 млн.350 мың тенге, «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дамбы селосында көпфункционалды спорт кешенін салуға -50 млн.тенге);
Ағымдағы бюджет – 2 млрд. 780 млн.548 мың тенге (әлеуметтік сала – 921 млн. 693 мың теңге, мәдениет – 119 млн.008 мың теңге, Дипломмен ауылға келген мамандарға тұрғын үй құрылысын салуға несие беру – 18 млн.378 мың тенге, басқару органдарының аппараттарын ұстау – 47 млн.799 мың тенге, ЖКХ – кондоминиума объектілерін күрделі жөндеу жұмыстары – 1 млрд.673 млн.670 мың теңге.).
ОБ - тен трансферттер – 28 млрд. 311 млн. 268 мың теңге, оның ішінде:
-Даму бюджеті –24 млрд. 188 млн. 711 мың тенге (тұрғын үй құрылысын салуға –21 млрд. 830 млн. 345 мың тенге, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу –724 млн. 954 мың теңге,«Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дамбы селосында көпфункционалды спорт кешенін салу - 30 млн.094 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту ( КЖО оң жағалау) -439 млн.126 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка) - 80 млн.тенге, №5 сүзгі станциясын қайта жаңартуға - 1 млрд. тенге, жылу-энергетикалық жүйені дамытуға –84 млн. 192 мың тенге)
-Ағымдағы бюджет- 4 млрд.122 млн.557 мың тенге (мемлекеттік жеке-меншік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау (Сергек) – 2 млрд. 107 млн. 628 мың теңге, ГЧП (көгалдандыру) -966 млн.929 мың тенге, ГЧП (жарықтандру) – 581 млн.677 мың тенге, басқару органдарының аппараттарын ұстау – 441 млн.267 мың тенге, әлеуметтік сала- 25 млн.056 мың тенге).
Трансферт түсімдері мен бюджеттік алып қоюларды қоспағанда қала бюджеті көлемі – 58 млрд. 311 млн. 401 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Даму бюджеті – 4 млрд. 678 млн. 195 мың теңге (автомобиль жолдарының құрылысы – 1 млрд. 886 млн.718 мың теңге, абаттандыруды дамыту – 1 млрд. 6 млн.тенге, коммуналдық шаруашылықты дамыту - 2 млн.580 мың тенге, су жабдықтауды дамыту - 129 млн.739 мың тенге, спорт объектісін дамыту – 24 млн.300 мың тенге, жылу-энергетикалық жүйені дамыту – 700 млн.тенге, тұрғын үй құрылысы –311 млн.269 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым –567 млн. 589 мың теңге, "Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы" КММ » құрылысы - 50 млн.тенге).
Ағымдағы бюджет – 53 млрд.633 млн.206 мың теңге (басқару органдарының аппараттарын ұстау – 1 млрд.053 млн.108 мың теңге, тұрғын үй коммуналдық шарушылығы – 5 млрд.364 млн.545 мың теңге, жолаушылар тасымалын субсидиялау – 2 млрд.823 млн.626 мың теңге, әлеуметтік сала – 2 млрд.532 млн. 820 мың теңге, мәдениет және спорт – 704 млн.060 мың теңге, резерв –694 млн.289 мың теңге, жергілікті атқарушы органдардың қарызын өтеу–11млрд.845 млн. 400 теңге, ағымдағы шығындар –830 млн. 883 мың теңге, қалалық білім бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне көзделген қаражатты жоғары тұрған бюджетке қайтару –26 млрд.389 млн.859 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомаларын қайтару - 1 млрд.389 млн.625 мың тенге, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару- 4 млн.951 мың тенге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару- 40 мың тенге). Селолық бюджет көлемі – 590 млн.484 мың теңге.
Атырау қаласы бойынша мемлекеттік бюджетке 763311,9 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 212,1%-ды құрады, жергілікті бюджетке 82642,5 млн.теңге немесе болжаммен 129%-ды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,8%.
Қала бойынша орташа айлық жалақы 2021 жылы 406428 теңге құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 112,1%.
Өнеркәсіп
Кен өндіру өнеркәсібі саласында 117654,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 121,4% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде 123661,1 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 119,7% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі 2526,7 млн.теңге құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 1691,5 млн.теңге (108,7%), өсімдік шаруашылығы өнімі – 325,7 млн.теңге (100%).
Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 105,8%.
Қала бойынша 1580,6 тонна ет, 912 тонна сиыр сүті, 65,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 11%, сиыр сүті – 4,5%, жұмыртқа – 7,8% артты.
Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 7116 бас (104,4%), жылқы – 2715 бас (111,4%), түйе – 1885 бас (113,5%), қой мен ешкі – 5815 бас (85,4%) құрады. Қой-ешкі басы төмендеу себебі - Қайыршақты округіндегі «Jan’adil» ЖШС-нде тіркелген 1156 бас ұсақ малы 495 басқа кеміген. 660 бас ұсақ малы қажеттілігіне қарай сатылған, 450 бас төлін тіркеу базасына жұмыстар жүргізуде.
Егістік көлемінің болжамы барлығы – 2574 га, соның ішінде көкөніс – 1175 га, бақша – 398 га, картоп – 521 га, мал азықтық дақылдар – 480 га.
Тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы 85 ШҚ-мен егілетін егін көлемі 690 га жоспарлануда.
2022 жылы «Qoldau.kz» порталы арқылы электронды түрде 10 шаруа қожалығы 89,5 тонна тыңайтқышқа сұраныс беріп, 9 шаруа қожалығы 89 тонна тыңайтқышпен қамтылды.
Қалада жалпы аумағы 15,4 га құрайтын 35 жылыжай тіркелді. Қала аумағында сыйымдылығы 32680 тн. құрайтын 8 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасайды.
2022 жылға агроөнеркәсіп кешені бойынша жоспарланған жобалар:
Кәсіпкерлік
Қала бойынша 43287 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,1%.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 38098, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108% құрап отыр.
Сауда
Бөлшек сауда көлемі 94705,7 млн. теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 102,3%.
Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың сәуір айында 2022 жылғы наурызға 102,1% құрады (республика бойынша 102%). Азық-түлік тауарлары - 103,1% (республика бойынша 103,1%), азық-түлік емес тауарлар – 101,8% (республика бойынша 101,2%), ақылы қызметтер – 101% құрады (республика бойынша 101%).
Жыл сайын қала әкімдігі базар және супермаркет басшылары, жергілікті шаруа қожалықтар, наубайхана басшылары және көтерме тасымалдаушылармен сауда қызметін дамыту бойынша өзара ынтымақтастық екі жақты 99 Меморандумға қол қойылды.
Жергілікті тауар өндірушілер мен ірі көтерме тасымалдаушылардың қатысуымен «Аламан» базарында жәрмеңкелер ұйымдастырылды, 24 жәрмеңке өткізілді.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 55277 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 29,3% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 7% құрайды. Төмендеу себебі газохимиялық кешенде құрылыс жұмыстарының азаюынан болып отыр.
2022 жылы 116 жұмыс орнын құрумен құны 873 млн. теңге құрайтын 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:
Құрылыс жұмыстарының көлемі 14237 млн. теңге құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 24,3% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 6,3% құрады. Төмендеу себебі - құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі ағымдағы жылы аяқталуымен байланысты.
Тұрғын-үй құрылысына 10047,3 млн. теңге инвестиция жұмсалынды, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,3%. Оның ішінде халық қаражат есебінен 10047,3 млн.теңге құрап отыр.
Қала бойынша 187206 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 106,1% құрайды. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 111658 шаршы метр немесе 90,1%. Қала бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің саны – 1673 (2021ж.-1415).
«Терможаңғырту» бойынша өткен жылы 10 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күні бүгін 7 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды, қалған 3 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қайтарымды қаражатқа 7 көпқабатты тұрғын үй жөнделуде, бүгінгі күні 5 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды, қалған 2 үйдің жөндеу жұмыстары жүруде.
2022 жылы 26 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Талғайран ауылында Спутник қалашығында газ құбырының ұзындығы 17780 м. құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Береке ауылындағы тұрғын үйлерге электр желілерін тарту құрылысы бойынша ұзындығы 2,3 км жүргізілді.
Жұмыспен және әлеуметтік қамту
Есепті кезеңде жұмыспен қамту мәселесі бойынша 5768 адам өтініш білдірді. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 6012 (2021ж.-6456).
Жұмысқа орналасқандары саны 1797 адам, оның ішінде жастар практикасына 28 адам жіберілді, қоғамдық жұмысына 703 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 51, тұрақты жұмысқа – 1015 адам орналастырылды.
2022 жылдың 1 мамырына қала аумағында 1797 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты-1015, уақытша-782).
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 283 жанұяның 1481 алушысына 58,5 млн.теңге тағайындалды, 262 жанұяның 1381 алушысына 46,8 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
227 аз қамтылған отбасындағы 387 алушыға 3,6 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Мүгедек балаларын үйден оқытатын 227 отбасына 4,9 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді.
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 224 адам тифлотехникалық құралдарымен, 60 адам сурдотехникалық, 411 адам протездік-ортопедиялық, 96 адам арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілді. Санаторно-курорттық шипажайына 1995 мүгедекке жолдама берілді.
Міндетті гигиеналық құралдарымен 605 мүмкіндігі шектеулі жанның сұраныстары қанағаттандырылды. Облыстық мүгедекті оңалту орталығына 140 адамға жолдама берілді.
Қозғалуда қиындығы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасымалдау қызметі бойынша 19 автокөлігімен 9327 тасымал жасалынып, 332 мүгедекке қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік төлемдер:
- Ауғанстан ұрыс қимылдарына қатысушылар және қайтыс болған қатысушылардың отбасылары - 281 адамға 16,8 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 26 адамға – 980 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды;
- 1986-1987 жылдары Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың зардабынан мүгедек болған 127 адамға – 7,6 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.
Демография
2022 жылдың 1 сәуіріне қаланың халық саны 377066 адамды құрады, бұл 2022 жыл басымен салыстырғанда 0,6% өсіп отыр (2376 адам), бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.
2022 жылдың қаңтар-наурызда туғандар саны 2363 адам, өлгендер саны 501 адам, өсім 1862.
Мәдениет және спорт
Мәдениет мекемелері желісінде 43 нысан жұмыс жасайды. (Құрманғазы атындағы қалалық мәдениет Сарайы, 13-селолық клуб және 2- қоғамдық клуб (қазақ саңыраулар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы), қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (9-қалалық және 11-ауылдық, 6 балалар кітапханасы), «Ретро» саябағы.
Кітапханаларда өткізілген шара саны-147. Кітап берілуі – 31997 дана. Келушілер – 13109.
Ақжар ауылдық мәдениет үйінде «Шырқа дауысым» атты қалалық сырнаймен ән орындаушылар байқауы ұйымдастырылды.
Томарлы ауылдық мәдениет үйінде қалалық "Қос жұлдыз" ән байқауы ұйымдастырылды. 21 сәуірде "Театралдық Олимп-2022" фестивалі өтті.
ҚР Халық әртісі, би падишасы Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына орай және Халықаралық би күніне арналған «Би думаны-2022» қалалық би сайысы өтті.
Еркінқала ауылдық кітапханасында "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы" атты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы жолдауы аясында дөңгелек үстел өтті. Еркінқала ауылдық кітапханасында «Балалыққа кітаппен барар жол» атты кітап құмар оқушылармен кездесу өтті.
№4 БЖСМ спорт залында 2013-2014 жылы туған балалар арасында футболдан «Көктемгі демалыс» қалалық біріншілігінің қорытынды турнирі; Атырау сервис колледжінің спорт алаңында студенттер арасында спорттық өрмелеуден қалалық біріншілігі; «Каспий» спорт кешенінде каратэ Киокушинкай-каннан жасөспірімдер мен жастар арасында Атырау қаласының ашық турнирі; Мұнайшы спорт кешенінде ҚР VII Халық ойындарының волейболдан әйелдер арасында қалалық іріктеу кезеңі өтті.
Тұрғындар қалашығы шағын ауданында орналасқан Орталық саябақта әскерге шақырылатын жасқа дейінгі жастар арасында туристік техника бойынша қалалық біріншілік өтті.
Құқықтық тәртіп
2022 жылдың қаңтар-сәуір айында барлық қылмыс түрлері бойынша 1324 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,3%. (2021 ж. – 1334 бірлік). Оның ішінде: өте ауыр қылмыс саны тіркелген – 24 бірлік, ауыр қылмыс саны – 429 бірлік, орташа ауыр қылмыс саны – 503 бірлік, өте ауыр емес қылмыс саны – 178 бірлік.
Ағымдағы жылғы 4 айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1028 әкімшілік іс сотқа шара қолдану үшін жолданды, 235 тұлғаға қатысты көлік құралын басқару құқынан айыру туралы шешім қабылданды, 723 адам әкімшілік қамауға алынды.
Жер қатынастары, сәулет жұмыстары
2022 жылдың сәуір айында жер учаскесінің иелеріне жалға алу 342 және меншік құқығын беру туралы 42 келісім–шарттары тіркелді. Мемлекет қазынасына жер учаскесін сатып алу бойынша 69,1 млн. теңге көлемінде қаражат түсті.
Тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру жөнінде (1999-2022жж.сәуір айы) 97250 адам кезекке тіркелген.
2022 жылы сәуір айында бағбандық жүргізу үшін 39 адамға жер учаскесіне таңдау және келісім алу актісі дайындалды.
Әлеуметтік және қоғамдық мақсаттағы нысандар үшін жер учаскелерін беру туралы сұраған заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 103 алдын ала таңдау актілері дайындалды. Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлінуі бойынша 272 алдын ала таңдау және сауда-саттық арқылы 3 актілері дайындалды.