Атырау қаласының 2022 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

Атырау  қаласының 2022 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

 

Бюджет

         2022 жылға нақтыланған қала бюджеті көлемі (01.04.2022ж) –                            255 млрд.552 млн.444 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

         Бюджетттік алып қоюлар – 162 млрд.148 млн.659 мың теңге;

         РБ - тен трансферттер –18 млрд. 672 млн. 928 мың теңге, оның ішінде:

         Даму бюджеті – 15 млрд.892 млн.380 мың тенге (инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу –  6 млрд. 223 млн. 512 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңартуға (КЖО оң жағалау)  - 6 млрд.391 млн. 266 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка) –500 млн.тенге,  автомбиль жолдарының құрылысына – 1 млрд.461 млн. 252 мың тенге, автомобиль жолдарын реконструкциялауға -           1 млрд.266 млн.350 мың тенге, «Ауыл Ел бесігі»  жобасы аясында Дамбы  селосында көпфункционалды спорт кешенін салуға -50 млн.тенге);

         Ағымдағы бюджет – 2 млрд. 780 млн.548 мың тенге (әлеуметтік сала – 921 млн. 693 мың теңге, мәдениет –  119 млн.008 мың теңге, Дипломмен ауылға келген мамандарға тұрғын үй құрылысын салуға несие беру  – 18 млн.378 мың тенге,  басқару органдарының аппараттарын ұстау – 47 млн.799 мың тенге, ЖКХ – кондоминиума объектілерін күрделі жөндеу жұмыстары – 1 млрд.673 млн.670 мың теңге.).

         ОБ - тен трансферттер – 20 млрд. 448 млн. 374 мың теңге, оның ішінде:

         -Даму бюджеті –15 млрд. 737 млн. 194 мың тенге (Тұрғын үй құрылысын салуға –14 млрд. 600 млн.тенге, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу  –587 млн. 975 мың теңге,«Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дамбы селосында көпфункционалды спорт кешенін салу - 30 млн.093 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту (КЖО оң жағалау)   -439 млн.126 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка)  - 80 млн.тенге).

         -Ағымдағы бюджет- 4 млрд.711 млн.180 мың тенге (мемлекеттік жеке-меншік әріптестік  жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау (Сергек) – 2 млрд. 107 млн. 628 мың теңге, ГЧП (көгалдандыру) -966 млн.929 мың тенге, ГЧП (жарықтандру) – 1 млрд.228 млн.666 мың тенге, басқару органдарының аппараттарын ұстау – 382 млн.901 мың тенге, әлеуметтік сала- 25 млн.056 мың тенге).

         Трансферт түсімдері мен бюджеттік алып қоюларды қоспағанда қала бюджеті көлемі – 53 млрд. 989 млн. 539 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

         Даму бюджеті – 2 млрд.721 млн.269 мың теңге (автомобиль жолдарының құрылысы –573 млн.728 мың теңге, автомобиль жолдарын реконструкциялау -1 млрд. 050 млн.тенге, абаттандыруды дамыту - 1 млн.тенге, коммунальдық шаруашылықты дамыту - 2 млн.580 мың тенге, су жабдықтауды дамыту - 102 млн.636 мың тенге, жылу-энергетикалық жүйені дамыту – 150 млн.тенге, тұрғын үй құрылысы –311млн.269 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым –530 млн. 056 мың теңге, "Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды  қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы" КММ  құрылысы - 50 млн.тенге).

         Ағымдағы бюджет – 51 млрд.268 млн.270 мың теңге (басқару органдарының аппараттарын ұстау – 976 млн.515 мың теңге, тұрғын үй коммуналдық шарушылығы – 3 млрд.510 млн.901 мың теңге, жолаушылар тасымалын субсидиялау – 2 млрд.823 млн.626 мың теңге, әлеуметтік сала – 2 млрд.136 млн. 152 мың теңге, мәдениет және спорт – 627 млн.331 мың теңге, резерв –801 млн.588 мың теңге, жергілікті атқарушы органдардың қарызын өтеу–11млрд.845 млн. 400 теңге, ағымдағы шығындар –762 млн. 282 мың теңге, қалалық білім бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне көзделген қаражатты жоғары тұрған бюджетке қайтару –26 млрд.389 млн.859 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомаларын қайтару - 1 млрд.389 млн.625 мың тенге, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару- 4 млн.951 мың тенге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару- 40 мың тенге). Селолық бюджет көлемі – 292 млн.944 мың теңге.

Атырау қаласы бойынша мемлекеттік бюджетке 521428,1 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 227,1%-ды құрады, жергілікті бюджетке 55465,1 млн.теңге немесе болжаммен 115,7%-ды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 141,3%.

Қала бойынша орташа айлық жалақы 2021 жылы 406428 теңге құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 112,1%.  

Өнеркәсіп

Қала бойынша өнеркәсiп өнiмінің көлемі 204981,4 млн. тенге құрайды. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 122,5%.

Кен өндіру өнеркәсібі саласында 85982,9 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 126,6% құрады.

Өндеу өнеркәсібінде 89213,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 121,4% құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі          1854,7 млн.теңге құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 1348,7 млн.теңге (107,8%), өсімдік шаруашылығы өнімі – 246,1 млн.теңге (100%).

Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 105,8%.

Қала бойынша 1346,8 тонна ет, 621 тонна сиыр сүті, 53,9 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 9,4%, сиыр сүті – 4,7%, жұмыртқа – 3,7% артты.  

Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 7092 бас (105,9%), қой мен ешкі – 5614 бас (100,7%), жылқы – 2563 бас (106,9%), түйе – 1866 бас (113,3%) құрады.

         Егістік көлемінің болжамы барлығы – 2574 га, соның ішінде көкөніс – 1175 га, бақша – 398 га, картоп – 521 га, мал азықтық  дақылдар  – 480 га.

         Тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы 85 ШҚ-мен егілетін егін көлемі 690 га жоспарлануда.

         2022 жылы «Qoldau.kz» порталы арқылы электронды түрде 10 шаруа қожалығы 89,5 тонна тыңайтқышқа сұраныс беріп, келісім шарт жасақталды.     Қалада жалпы аумағы 15,4 га құрайтын 35 жылыжай тіркелді.         

Қала аумағында сыйымдылығы 32680 тн. құрайтын 8 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасайды.

         2022 жылға агроөнеркәсіп кешені бойынша жоспарланған жобалар:

  1. «Иманбаев» Ш/Қ «Жылыжай кешенін кеңейту 0,9 га», жоба құны 250 млн.тг., 12-жұмыс орын;
  2. «Атырау ет орталығы» ЖК «Халал» стандартындағы ауыл шаруашылығы жануарларының етін сату және союдың қазіргі заманғы кешенін салу, жоба құны 167,3 млн.тг., 10 жұмыс орын.

Кәсіпкерлік

Қала бойынша 42708 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,4%.

             Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 37516, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,1% құрап отыр.

 

Сауда

         Бөлшек сауда көлемі 71953,6 млн. теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,4%. Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың наурыз айында 2022 жылғы ақпанға 102,6% құрады (республика бойынша 103,7%). Азық-түлік тауарлары  - 104,6% (республика бойынша 105,8%), азық-түлік емес тауарлар – 102,5% (республика бойынша 102,8%), ақылы қызметтер  – 99,7% құрады (республика бойынша 101,4%).

         Жыл сайын қала әкімдігі базар және супермаркет басшылары, жергілікті шаруа қожалықтар, наубайхана басшылары және көтерме тасымалдаушылармен сауда қызметін дамыту бойынша өзара ынтымақтастық екі жақты 94 Меморандумға қол қойылды.

 

Инвестиция

         Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 41898 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 27,3% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 7,3% құрайды. Төмендеу себебі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда инвесторлардың жаңа құрылысқа, кеңейтуге, сонымен қоса объектілерінің бастапқы құнының көбеюне әкелетін объектілерді қайта құру және жаңарту жұмыстарының аяқталуымен байланысты.

         2022 жылы 116 жұмыс орнын құрумен құны 873 млн. теңге құрайтын 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

  1. Қыштан жасалған кірпіш өндіріс жобасы, «ЭлитСтройАтырау» ЖШС, жоба құны -240 млн. теңге, жұмыс орын -100).
  2. Көлемді вибросығымдаудың инновациялық әдісімен бетоннан қабырға және жол бұйымдарын өндіру жобасы, «Еврострой» ЖШС (2020-2023 жыл), жоба құны -633 млн. теңге, жұмыс орын -16).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9467 млн. теңге құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 21,8% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 6,8% құрады. Төмендеу себебі - құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі ағымдағы жылы аяқталуымен байланысты.

 

Тұрғын-үй құрылысына 8001,4 млн. теңге инвестиция жұмсалынды, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,8%. Оның ішінде халық қаражат есебінен 8001,4 млн.теңге құрап отыр.

Қала бойынша 144424 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 119,3% құрайды. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 80273 шаршы метр немесе 89,2%. Қала бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің саны – 1370 (2021ж.-976).

«Терможаңғырту» бойынша өткен жылы 10 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күні бүгін 7 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды, қалған 3 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қайтарымды қаражатқа 7 көпқабатты тұрғын үй жөнделіп, бүгінгі күні 5 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды, қалған 2 үйдің жөндеу жұмыстары жүруде.

2022 жылы 26 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Жұмыспен және әлеуметтік қамту

Есепті кезеңде жұмыспен қамту мәселесі бойынша 4622 адам өтініш білдірді. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 5453 (2021ж.-5934). 

Жұмысқа орналасқандары саны 1482 адам, оның ішінде жастар практикасына 19 адам жіберілді, қоғамдық жұмысына 697 адам,  әлеуметтік жұмыс орнына – 50, тұрақты жұмысқа – 716 адам орналастырылды.

2022 жылдың 1 сәуіріне қала аумағында 1498 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты-732, уақытша-766).

         Ағымдағы жылдың наурыз айында 263 жанұяның 1385 алушысына 46,8  млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

         167 аз қамтылған отбасындағы 266 алушыға 3,3 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді.

         Мүгедек балаларын үйден оқытатын 227 отбасына 4,9 млн. теңге  әлеуметтік көмек тағайындалды.

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 176 адам  тифлотехникалық құралдарымен, 18 адам сурдотехникалық, 245 адам протездік-ортопедиялық, 66 адам арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілді. Санаторно-курорттық шипажайына 2073 мүгедекке жолдама берілді.

Міндетті гигиеналық құралдарымен 1217 мүгедектің портал арқылы 502 мүмкіндігі шектеулі жанның сұраныстары қанағаттандырылды. Облыстық мүгедекті оңалту орталығына 95 адамға жолдама берілді.

         Қозғалуда қиындығы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасымалдау  қызметі бойынша 18 автокөлігімен 6815 тасымал  жасалынып, 426 мүгедекке қызмет көрсетілді.

Әлеуметтік төлемдер берілді:       

- Ауғанстан ұрыс қимылдарына қатысушылар және қайтыс болған қатысушылардың отбасылары - 281 адамға 12,6 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25  адамға – 740 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды;

- 1986-1987 жылдары Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, сондай-ақ  1988-1989 жылдары Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың зардабынан мүгедек болған 127 адамға – 5,7 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек.

 

Демография

2022 жылдың 1 наурызға қаланың халық саны 376366 адамды құрады, бұл 2022 жыл басымен салыстырғанда 0,4% өсіп отыр (1582 адам), бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.

2022 жылдың қаңтар-ақпанда туғандар саны 1590 адам, өлгендер саны 354 адам, өсім 1236.

 

Мәдениет және спорт

Мәдениет мекемелері  желісінде 43 нысан жұмыс жасайды. (Құрманғазы атындағы қалалық мәдениет Сарайы, 13-селолық клуб және 2- қоғамдық клуб (қазақ саңыраулар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы), қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (9-қалалық және 11-ауылдық, 6 балалар кітапханасы), «Ретро» саябағы.

Кітапханаларда өткізілген шара саны-108. Кітап берілуі – 28437 дана. Келушілер – 14006.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қаламыздың қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.  Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Сандуғаш ғұмыр» атты қалалық ән сайысы өтті.

Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінде қалалық «Әже әлдиі» атты сайыс болып өтті.

Дамбы ауылдық клубында «Батаменен ел көгерер» атты қалалық батагөй ақсақалдар арасында сайыс өтті.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында "Ақжайық аруы" атты қалалық арулар сайысы өтті.

Халықаралық әйелдер күніне орай тоғызқұмалақтан 2007,2009,2011,2013 жылы туған қыздар арасында қалалық турнир, волейболдан жасөспірім қыздар арасында ашық біріншілік, каратэ-додан 6-7,8-9 жастағы ұлдар мен қыздар арасында Атырау қаласының чемпионаты өтті.

 Наурыз мерекесіне орай ұлттық ойындардан бұқаралық жарыстар, 2008-2009 жылы туған мектеп оқушылары арасында асық атудан қалалық жекелей турнир, тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында қалалық турнир, ауыр атлетикадан қалалық чемпионат ұйымдастырылды.

 

Құқықтық тәртіп

2022 жылдың қаңтар-наурыз айында барлық қылмыс түрлері бойынша                  1001 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,6%. (2021 ж. – 1036 бірлік). Оның ішінде: өте ауыр қылмыс саны тіркелген – 18 бірлік, ауыр қылмыс саны – 304 бірлік, орташа ауыр қылмыс саны – 365 бірлік, өте ауыр емес қылмыс саны – 136 бірлік.

         Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 106 млн.718 мың 013 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның 60 млн.504 мың 908 теңгесі өндірілді.

 Жер қатынастары, сәулет жұмыстары

Мемлекет қазынасына жер учаскесін сатып алу бойынша 107,3 млн. теңге көлемінде қаражат түсті.

         Тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру жөнінде (1999-2022жж.наурыз айы) 93255 адам кезекке тіркелген. 

2022 жылы наурыз айында бағбандық жүргізу үшін 63 адамға жер учаскесіне таңдау және келісім алу актісі дайындалды.

1085 мекен-жай туралы анықтама берілді. Әлеуметтік-тұрмыстық ірілі-кішілі обьектілердің 292 сәулеттік жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) әзірленді.

         Әлеуметтік және қоғамдық мақсаттағы нысандар үшін жер учаскелерін беру туралы сұраған заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 103 алдын ала таңдау актілері дайындалды. Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлінуі бойынша 272 алдын ала таңдау және сауда-саттық арқылы 3 актілері дайындалды.

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2022