Атырау қаласының 2022 жылғы қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары
Бюджет
2022 жылға бекітілген қала бюджеті көлемі (01.03.2022ж) – 255 млрд.552 млн.444 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Бюджетттік алып қоюлар – 162 млрд.148 млн.659 мың теңге;
РБ - тен трансферттер –18 млрд. 672 млн. 928 мың теңге, оның ішінде:
Даму бюджеті – 15 млрд.892 млн.380 мың тенге (Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу – 6 млрд. 223 млн. 512 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңартуға (КЖО оң жағалау) - 6 млрд.391 млн. 266 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка) –500 млн.тенге, автомбиль жолдарының құрылысына – 1 млрд.461 млн. 252 мың тенге, автомобиль жолдарын реконструкциялауға - 1 млрд.266 млн.350 мың тенге, «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дамбы селосында көпфункционалды спорт кешенін салуға -50 млн.тенге);
Ағымдағы бюджет – 2 млрд. 780 млн.548 мың тенге (әлеуметтік сала – 921 млн. 693 мың теңге, мәдениет – 119 млн.008 мың теңге, Дипломмен ауылға келген мамандарға тұрғын үй құрылысын салуға несие беру – 18 млн.378 мың тенге, басқару органдарының аппараттарын ұстау – 47 млн.799 мың тенге, ЖКХ – кондоминиума объектілерін күрделі жөндеу жұмыстары – 1 млрд.673 млн.670 мың теңге.).
ОБ - тен трансферттер – 20 млрд. 448 млн. 374 мың теңге, оның ішінде:
-Даму бюджеті –15 млрд. 737 млн. 194 мың тенге (Тұрғын үй құрылысын салуға –14 млрд. 600 млн.тенге, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу –587 млн. 975 мың теңге,«Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дамбы селосында көпфункционалды спорт кешенін салу - 30 млн.093 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту ( КЖО оң жағалау) -439 млн.126 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка) - 80 млн.тенге.)
-Ағымдағы бюджет- 4 млрд.711 млн.180 мың тенге (мемлекеттік жеке-меншік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау (Сергек) – 2 млрд. 107 млн. 628 мың теңге, ГЧП (көгалдандыру) -966 млн.929 мың тенге, ГЧП (жарықтандру) –1 млрд.228 млн.666 мың тенге, басқару органдарының аппараттарын ұстау – 382 млн.901 мың тенге, әлеуметтік сала- 25 млн.056 мың тенге).
Трансферт түсімдері мен бюджеттік алып қоюларды қоспағанда қала бюджеті көлемі – 53 млрд. 989 млн. 539 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Даму бюджеті – 2 млрд.721 млн.269 мың теңге (автомобиль жолдарының құрылысы –573 млн.728 мың теңге, автомобиль жолдарын реконструкциялау -1 млрд. 050 млн.тенге, абаттандыруды дамыту - 1 млн.тенге, коммунальдық шаруашылықты дамыту - 2 млн.580 мың тенге, су жабдықтауды дамыту - 102 млн.636 мың тенге, жылу-энергетикалық жүйені дамыту – 150 млн.тенге, тұрғын үй құрылысы –311млн.269 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым –530 млн. 056 мың теңге, "Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы" КММ » құрылысы - 50 млн.тенге).
Ағымдағы бюджет – 51 млрд.268 млн. 270 мың теңге (басқару органдарының аппараттарын ұстау – 976 млн.515 мың теңге, тұрғын үй коммуналдық шарушылығы – 3 млрд.510 млн.901 мың теңге, жолаушылар тасымалын субсидиялау – 2 млрд.823 млн.626 мың теңге, әлеуметтік сала – 2 млрд.136 млн. 152 мың теңге, мәдениет және спорт – 627 млн.331 мың теңге, резерв –801 млн.588 мың теңге, жергілікті атқарушы органдардың қарызын өтеу–11млрд.845 млн. 400 теңге, ағымдағы шығындар –762 млн. 282 мың теңге, қалалық білім бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне көзделген қаражатты жоғары тұрған бюджетке қайтару –26 млрд.389 млн.859 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомаларын қайтару - 1 млрд.389 млн.625 мың тенге, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару- 4 млн.951 мың тенге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару- 40 мың тенге). Селолық бюджет көлемі – 292 млн.944 мың теңге.
Атырау қаласы бойынша мемлекеттік бюджетке 384461,5 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 308,3%-ды құрады, жергілікті бюджетке 38156,2 млн.теңге немесе болжаммен 112,7%-ды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 136,8%.
Қала бойынша орташа айлық жалақы 2021 жылы 406428 теңге құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 112,1%.
Өнеркәсіп
Кен өндіру өнеркәсібі саласында 58778,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 127,1% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде 53616,8 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 113,3% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі 1298,3 млн.теңге құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 958 млн.теңге (108,9%), өсімдік шаруашылығы өнімі – 168,4 млн.теңге (100%). Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 106,7%.
Қала бойынша 1029,3 тонна ет, 357 тонна сиыр сүті, 34,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 10,5%, сиыр сүті – 3,6%, жұмыртқа – 2,1% артты.
Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 6956 бас (104,5%), қой мен ешкі – 5665 бас (104%), жылқы – 2549 бас (107%), түйе – 1850 бас (113,4%) құрады.
Қалада жалпы аумағы 12,794 га құрайтын 32 жылыжай қызмет көрсетуде. Қала аумағында сыйымдылығы 39630 тн. құрайтын 9 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасайды.
2022 жылға агроөнеркәсіп кешені бойынша жоспарланған жобалар:
Кәсіпкерлік
Қала бойынша 42355 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2%.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 37153, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,9% құрап отыр.
Сауда
Бөлшек сауда көлемі 44706 млн. теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,5%.
Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың ақпан айында 2022 жылғы қаңтарға 100,7% құрады (республика бойынша 100,8%). Азық-түлік тауарлары - 100,9% (республика бойынша 101,2%), азық-түлік емес тауарлар - 100,4% (республика бойынша 100,5%), ақылы қызметтер – 100,8% құрады (республика бойынша 100,6%).
Жыл сайын қала әкімдігі базар және супермаркет басшылары, жергілікті шаруа қожалықтар, наубайхана басшылары және көтерме тасымалдаушылармен сауда қызметін дамыту бойынша өзара ынтымақтастық екі жақты 94 Меморандумға қол қойылды.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 27309 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 88,1% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 7% құрайды. Төмендеу себебі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда инвесторлардың жаңа құрылысқа, кеңейтуге, сонымен қоса объектілерінің бастапқы құнының көбеюне әкелетін объектілерді қайта құру және жаңарту жұмыстарының аяқталуымен байланысты.
2022 жылы 116 жұмыс орнын құрумен құны 873 млн. теңге құрайтын 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:
2.Көлемді вибросығымдаудың инновациялық әдісімен бетоннан қабырға және жол бұйымдарын өндіру жобасы, «Еврострой» ЖШС, (2020-2023 жыл), (жоба құны -633 млн. теңге, ашылатын жұмыс орын саны-16).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7018 млн. теңге құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 39,8% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 8,4% құрады. Төмендеу себебі - құрылыс-монтаждау жұмыстарының 2021 жылда аяқталуымен және ағымдағы жылы жұмыстар жүргізілмеген.
Тұрғын-үй құрылысына 4439,3 млн. теңге инвестиция жұмсалынды, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92%. Оның ішінде халық қаражат есебінен 4439,3 млн.теңге құрап отыр.
Қала бойынша 55114 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 55,8% құрайды. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 55114 шаршы метр немесе 81,4%. Қала бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің саны – 348 (2021ж.-821).
«Терможаңғырту» бойынша өткен жылы 10 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күні бүгін 6 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды, қалған 4 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қайтарымды қаражатқа 7 көпқабатты тұрғын үй жөнделіп, бүгінгі күні 5 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды, қалған 2 үйдің жөндеу жұмыстары жүруде.
2022 жылы 26 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Жұмыспен және әлеуметтік қамту
Есепті кезеңде жұмыспен қамту мәселесі бойынша 3490 адам өтініш білдірді. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 5003 (2021ж.-6171).
Жұмысқа орналасқандары саны 1002 адам, оның ішінде жастар тәжірибесіне 17 адам жіберілді, қоғамдық жұмысына 615 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 50, тұрақты жұмысқа – 320 адам орналастырылды.
2022 жылдың 1 наурызына қала аумағында 998 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты-316, уақытша-682).
Ағымдағы жылдың ақпан айында 257 жанұяның 1358 алушысына 30,5 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
167 аз қамтылған отбасындағы 266 алушыға 2,8 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Мүгедек балаларын үйден оқытатын 226 отбасына 3,3 млн. теңге әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 107 адам тифлотехникалық құралдарымен, 9 адам сурдотехникалық, 107 адам протездік-ортопедиялық, 16 адам арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілді. Санаторно-курорттық шипажайына 1993 мүгедекке жолдама берілді.
Міндетті гигиеналық құралдарымен 796 мүгедектің портал арқылы 300 мүмкіндігі шектеулі жанның сұраныстары қанағаттандырылды. Облыстық мүгедекті оңалту орталығына 47 адамға жолдама берілді.
Қозғалуда қиындығы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасымалдау қызметі бойынша 18 автокөлігімен 2975 тасымал жасалынып, 189 мүгедекке қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік төлемдер берілді:
- Ауғанстан ұрыс қимылдарына қатысушылар және қайтыс болған қатысушылардың отбасылары - 280 адамға 8,4 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25 адамға – 500 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды;
- 1986-1987 жылдары Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың зардабынан мүгедек болған 127 адамға – 3,8 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек.
Демография
2022 жылдың 1 ақпанына қаланың халық саны 375552 адамды құрады, бұл 2022 жыл басымен салыстырғанда 0,2% өсіп отыр (768 адам), бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.
2022 жылдың қаңтарда туғандар саны 799 адам, өлгендер саны 174 адам, өсім 625.
Мәдениет
Мәдениет мекемелері желісінде 43 нысан жұмыс жасайды. (Құрманғазы атындағы қалалық мәдениет Сарайы, 13-селолық клуб және 2- қоғамдық клуб (қазақ саңыраулар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы), қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (9-қалалық және 11-ауылдық, 6 балалар кітапханасы), «Ретро» саябағы.
Кітапханаларда өткізілген шара саны-104. Кітап берілуі – 28437 дана. Келушілер – 11807.
Дамбы ауылдық клубында «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек» атты дөңгелек үстел өтті.
Құрманғазы ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Үндеу – ел дамуының жарқын келбеті» атты әңгіме сағаты өтті.
Жұмыскер мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Би әлемі» атты «Жанарым» би ансамблінің жастарға арналған концерті өтті.
«Ақ Орда» бильярд залында 50 және одан жоғары жастағылар арасында бильярдтан Атырау қаласының турнирі өтті. Нұрсая шағын ауданының «Жолбарыс» спорт залында каратэ-до шотаканнан балалар мен жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтті.
Құқықтық тәртіп
2022 жылдың қаңтар-ақпан айында барлық қылмыс түрлері бойынша 664 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,9%. (2021 ж. – 573 бірлік). Оның ішінде: өте ауыр қылмыс саны тіркелген – 14 бірлік, ауыр қылмыс саны – 197 бірлік, орташа ауыр қылмыс саны – 239 бірлік, өте ауыр емес қылмыс саны – 101 бірлік.
Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 106 млн.718 мың 013 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның 60 млн.504 мың 908 теңгесі өндірілді.
Жер қатынастары, сәулет жұмыстары
Мемлекет қазынасына жер учаскесін сатып алу бойынша 67,9 млн. теңге көлемінде қаражат түсті.
Тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру жөнінде (1999-2022жж.ақпан айы) 92995 адам кезекке тіркелген.
2022 жылы ақпан айында бағбандық жүргізу үшін 66 адамға жер учаскесіне таңдау және келісім алу актісі дайындалды.
Әлеуметтік және қоғамдық мақсаттағы нысандар үшін жер учаскелерін беру туралы сұраған заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 103 алдын ала таңдау актілері дайындалды. Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлінуі бойынша 272 алдын ала таңдау және сауда-саттық арқылы 3 актілері дайындалды.