Атырау қаласының 2022 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары
Бюджет
2022 жылға бекітілген қала бюджеті көлемі (2022ж) – 254 млрд.157 млн.828 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Бюджетттік алып қоюлар – 162 млрд.148 млн.659 мың теңге;
РБ - тен трансферттер –18 млрд. 672 млн. 928 мың теңге, оның ішінде:
Даму бюджеті – 15 млрд. 892 млн.380 мң тенге (инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу – 6 млрд. 223 млн. 512 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңартуға ( КЖО оң жағалау) - 6 млрд.391 млн. 266 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка) –500 млн.тенге, автомбиль жолдарының құрылысына – 1 млрд.461 млн. 252 мың тенге, автомобиль жолдарын реконструкциялауға - 1 млрд.266 млн.350 мың тенге, «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дамбы селосында көпфункционалды спорт кешенін салуға -50 млн.тенге);
Ағымдағы бюджет – 2 млрд. 780 млн.548 мың тенге (әлеуметтік сала – 921 млн. 693 мың теңге, мәдениет – 119 млн.008 мың теңге, Дипломмен ауылға келген мамандарға тұрғын үй құрылысын салуға несие беру – 18 млн.378 мың тенге, басқару органдарының аппараттарын ұстау – 47 млн.799 мың тенге, ЖКХ – кондоминиума объектілерін күрделі жөндеу жұмыстары – 1 млрд.673 млн.670 мың теңге.).
ОБ - тен трансферттер – 20 млрд. 448 млн. 374 мың теңге, оның ішінде:
Даму бюджеті –15 млрд. 737 млн. 194 мың тенге (тұрғын үй құрылысын салуға –14 млрд. 600 млн.тенге, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салу –587 млн. 975 мың теңге, «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Дамбы селосында көпфункционалды спорт кешенін салу - 30 млн.093 мың тенге, кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту ( КЖО оң жағалау) -439 млн.126 мың тенге, ағынды суларды буландырғыштың тоғанын тазалауга (Тухлая балка) - 80 млн.тенге.)
Ағымдағы бюджет- 4 млрд.711 млн.180 мың тенге (мемлекеттік жеке-меншік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау (Сергек) – 2 млрд. 107 млн. 628 мың теңге, ГЧП (көгалдандыру) -966 млн.929 мың тенге, ГЧП (жарықтандру) –1 млрд.228 млн.666 мың тенге, басқару органдарының аппараттарын ұстау – 382 млн.901 мың тенге, әлеуметтік сала- 25 млн.056 мың тенге).
Трансферт түсімдері мен бюджеттік алып қоюларды қоспағанда қала бюджеті көлемі – 52 млрд. 594 млн. 923 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Даму бюджеті – 2 млрд.721 млн.269 мың теңге (автомобиль жолдарының құрылысы –573 млн.728 мың теңге, автомобиль жолдарын реконструкциялау -1 млрд. 050 млн.тенге, абаттандыруды дамыту - 1 млн.тенге, коммунальдық шаруашылықты дамыту - 2 млн.580 мың тенге, су жабдықтауды дамыту - 102 млн.636 мың тенге, жылу-энергетикалық жүйені дамыту – 150 млн.тенге, тұрғын үй құрылысы –311млн.269 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым –530 млн. 056 мың теңге, "Қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы" КММ құрылысы - 50 млн.тенге).
Ағымдағы бюджет – 49 млрд.873 млн.654 мың теңге (басқару органдарының аппараттарын ұстау – 976 млн.515 мың теңге, тұрғын үй коммуналдық шарушылығы – 3 млрд.510 млн.901 мың теңге, жолаушылар тасымалын субсидиялау – 2 млрд.823 млн.626 мың теңге, әлеуметтік сала – 2 млрд.136 млн. 152 мың теңге, мәдениет және спорт – 627 млн.331 мың теңге, резерв –801 млн.588 мың теңге, жергілікті атқарушы органдардың қарызын өтеу–11млрд.845 млн. 400 теңге, ағымдағы шығындар –762 млн. 282 мың теңге, қалалық білім бөлімі мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне көзделген қаражатты жоғары тұрған бюджетке қайтару – 26 млрд.389 млн.859 мың теңге). Селолық бюджет көлемі – 292 млн.944 мың теңге.
Атырау қаласы бойынша мемлекеттік бюджетке 53608,3 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 129,1%-ды құрады, жергілікті бюджетке 16702,3 млн.теңге немесе болжаммен 118,6%-ды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,2%.
Қала бойынша орташа айлық жалақы 2021 жылы 406428 теңге құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 112,1%.
Өнеркәсіп
Кен өндіру өнеркәсібі саласында 32123,2 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 122,8% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде 23716 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 106,4% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі 484,5 млн.теңге құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 341,5 млн.теңге (109,1%), өсімдік шаруашылығы өнімі – 57 млн.теңге (100%).
Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 106,2%.
Қала бойынша 312,9 тонна ет, 175 тонна сиыр сүті, 17,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 12,5%, сиыр сүті – 0,6%, жұмыртқа – 0,6% артты.
Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 7248 бас (106,5%), қой мен ешкі – 5844 бас (107,4%), жылқы – 2547 бас (106,6%), түйе – 1838 бас (112,8%) құрады.
Кәсіпкерлік
Қала бойынша 42384 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,6%.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 37281, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,8% құрап отыр.
Сауда
Бөлшек сауда көлемі 20555 млн. теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95,3%. Бөлшек сауданың төмендеуі қаңтар айында елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты тұтынушылар сұранысының азаюы және жалпы сатып алу қабілетінің төмендеуінен болып отыр.
Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың қаңтар айында 2021 жылғы желтоқсанға 100,7% құрады (республика бойынша 100,7%). Азық-түлік тауарлары - 100,7% (республика бойынша 101%), азық-түлік емес тауарлар - 100,5% (республика бойынша 100,3%), ақылы қызметтер – 100,8% құрады (республика бойынша 100,6%).
Жыл сайын қала әкімдігі базар және супермаркет басшылары, жергілікті шаруа қожалықтар, наубайхана басшылары және көтерме тасымалдаушылармен сауда қызметін дамыту бойынша өзара ынтымақтастық екі жақты 41 Меморандум жасақталып, қол қойылды.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 20350 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 146,1% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 9,8% құрайды.
2022 жылы 296 жұмыс орнын құрумен құны 38,6 млрд. теңге құрайтын 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:
1.Фармацевтикалық зауыт құрылысы, «Lumpan Caspian Pharmaceuticals LLP» ЖШС-гі, (жоба құны 7,4 млрд. теңге, 90 жұмыс орын);
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2022 млн. теңге құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 25,6% құрайды. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 6,5% құрады. Төмендеу себебі - құрылыс-монтаждау жұмыстарының 2021 жылда аяқталуымен және ағымдағы жылдың қаңтар айында жұмыстар жүргізілмеген.
Тұрғын-үй құрылысына 1821,8 млн. теңге инвестиция жұмсалынды, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1%. Оның ішінде халық қаражат есебінен 1821,8 млн.теңге құрап отыр.
Қала бойынша 21830 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 32,3% құрайды. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 21830 шаршы метр немесе 59,8%. Қала бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің саны – 143 (2021ж.-614).
«Терможаңғырту» бойынша өткен жылы бағдарламасы аясында 10 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды. Қалған 9 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындардың келісімімен қабылдау жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, қайтарымды қаражатқа 7 көпқабатты тұрғын үй жөнделуде, бүгінгі күні 1 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылданды. Қалған үйлердің жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындардың келісімімен қабылданады.
2022 жылы 26 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Жұмыспен және әлеуметтік қамту
Есепті кезеңде жұмыспен қамту мәселесі бойынша 1950 адам өтініш білдірді. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 3856 (2021ж.-5081).
Жұмысқа орналасқандары саны 308 адам, оның ішінде жастар тәжірибесіне 1 адам жіберілді, қоғамдық жұмысына 176 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 22, тұрақты жұмысқа – 109 адам орналастырылды.
2021 жылдың қаңтар айында қала аумағында 199 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында 233 жанұяның 1227 алушысына 14,7 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
167 аз қамтылған отбасындағы 266 алушыға 2,8 млн.теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды.
Мүгедек балаларын үйден оқытатын 224 отбасына1,6 млн. теңге әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша 27 тифлотехникалық құралдарымен 18 адамға, 3 сурдотехникалық құралдарымен 38 адамға таратылды.
Міндетті гигиеналық құралдарымен 692 мүгедектің 182 мүмкіндігі шектеулі жанның сұраныстары қанағаттандырылды. Облыстық мүгедекті оңалту орталығына 16 адамға жолдама берілді.
Демография
2022 жылдың 1 қаңтарына қаланың халық саны 374784 адамды құрады, бұл 2021 жыл басымен салыстырғанда 2,6% өсіп отыр (9572 адам), бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсанда туғандар саны 10788 адам, өлгендер саны 2771 адам, өсім 8017.
Мәдениет
Мәдениет мекемелері желісінде 43 нысан жұмыс жасайды. (Құрманғазы атындағы қалалық мәдениет Сарайы, 13-селолық клуб және 2- қоғамдық клуб (қазақ саңыраулар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы), қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (9-қалалық және 11-ауылдық, 6 балалар кітапханасы), «Ретро» саябағы.
Кітапханаларда өткізілген шара саны-72. Кітап берілуі – 19901 дана. Келушілер – 7486.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл білімінің атасы-Ахмет Байтұрсынұлы» атты әдеби сағаты өтті.
Құқықтық тәртіп
2022 жылдың қаңтар айында барлық қылмыс түрлері бойынша 344 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,6%. (2021 ж. – 290 бірлік). Оның ішінде: өте ауыр қылмыс саны тіркелген – 8 бірлік, ауыр қылмыс саны – 80 бірлік, орташа ауыр қылмыс саны – 127 бірлік, өте ауыр емес қылмыс саны – 65 бірлік.
Жер қатынастары, сәулет жұмыстары
Мемлекет қазынасына жер учаскесін сатып алу бойынша 1 ай ішінде 131,5 млн. теңге көлемінде қаражат түсті.
Тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру жөнінде (1999-2021жж.) 92640 адам кезекке тіркелген.
2022 жылы қаңтар айында бағбандық жүргізу үшін 7 адамға жер учаскесіне таңдау және келісім алу актісі дайындалды.