Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімі ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №37 «Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4790 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                                М.Қалауи

Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Дата публикации
25 мая 2022