|
Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия бойынша ақпарат
Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы 2022 жылдың 28 сәуір күні қала әкімінің орынбасары Емберген Самат Жұмабайұлының төрағалығымен өтті. Комиссия отырысының күн тәртәібінде 2 мәселе қаралды: 1. «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаралуына келіп түскен ұсыныс құжаттарды қарау» 2. «Кәмелетке толмағандар арасында суицид фактілерінің алдын алу, суидцидке ұмтылған балаларды өмірге қайта бейімдеу және оңалту жұмыстары бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы» Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жасөспірімдердің жеке іс құжаттары бойынша мәселелер қаралып, комиссияда талқыланды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Атырау қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, аға инспектор Асылбек Закарияұлы Қуанышалиев пен Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Аманбай Шапхатұлы Хусынов баяндама жасады. Мәселелер комиссиямен жан-жақты қаралып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді. Комиссияда қаралған азаматтар мен азаматшаларға қолданыстағы заң шеңберіне сәйкес түсінік жұмыстары жүргізілді.
|
|
|
|
|
||
|
|