«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік
қоғамына жер учаскесіге
қауымдық сервитут белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамына (020440001144) жер асты газ желісін жүргізу үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Жұлдыз-3 тұрғын үй алабы аумағында орналасқан көлемі 3,399 гектар (ұзындығы – 3399 метр) жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Қалауи