«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» акционерлік қоғамына жер учаскеге қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ»

акционерлік қоғамына жер

учаскеге қауымдық сервитут

белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабы 4-тармағының 3-тармақшасына, Қазақстан Республикасының           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қала әкімдігі                ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:                                                                                    

  1. «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» акционерлік қоғамына (970340000427) 16 топырақ реперін салу үшін жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай, Атырау қаласы аумағынан жалпы көлемі 0,0016 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                                              М.Қалауи

Дата публикации
12 мая 2022