Атырау қалалық қаржы бөлімінде жүргізілген
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы
бойынша 2022 жылдың 25 сәуірдегі
жай-күйі туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Атырау қалалық қаржы бөлімінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі №19 «Жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Атырау қалалық қаржы бөлімінің қызметіне 2021 жылдың мамыр айы мен 2022 жылдың сәуір айы аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 25 сәуір күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:
Таганбаева Г.М. – Топ жетекшісі, бөлім басшысының орынбасары;
Акботина Л.Р. – Топ мүшесі, коммуналдық меншік секторының меңгерушісі;
Амирова А.К. – Топ мүшесі, мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі;
Катапова Г.М. – Топ мүшесі, бюджет секторының меңгерушісі;
Қасымова Ж.М. – Топ мүшесі, бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы.
Атырау қалалық қаржы бөлімінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Атырау қалалық қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы 350-VI ҚРЗ Кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;
- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;
- «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысы;
- ««Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №616 қаулысы;
- «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысы;
- «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №615 қаулысы;
- «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысы;
- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысы;
- «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану» қағидасы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығы;
- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1 бұйрығы;
- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығы;
- «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы;
- «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығы;
- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы;
- «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығы;
- «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығы;
- «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы;
- «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығы;
- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы;
- «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1115 Қаулысы;
- «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы;
- «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысы;
- «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысы;
- Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №666 қаулысымен бекітілген «Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы».
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Атырау қалалық қаржы бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімнің жалпы штат саны 17 бірлікті құрайды, нақты штат саны – 17 бірлік.
Бөлім басшысы 2020 жылдың 10 маусымнан бастап тұрақты қызмет атқаруда.
Бөлім басшысының орынбасарлары: штат саны 2 бірлік, 1 басшының орынбасары жүктілік пен босануға байланысты еңбек демалысында.
Бюджет секторында штат саны 3 бірлік, сектор меңгерушісі тұрақты қызмет атқаруда және бас мамандардың штат саны 2 бірлік.
Бухгалтерлік есеп және есептеу секторында штат саны 4 бірлік, сектор меңгерушісі тұрақты қызмет атқаруда және бас мамандардың штат саны 3 бірлік.
Мемлекеттік сатып алу секторында штат саны 3 бірлік, сектор меңгерушісі тұрақты қызмет атқаруда және бас мамандардың штат саны 2 бірлік.
Коммуналдық меншік секторында штат саны 4 бірлік, сектор меңгерушісі тұрақты қызмет атқаруда және бас мамандардың штат саны 3 бірлік.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 25 сәуір жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету - бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – бөлімде рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;
5) бақылау функцияларын іске асыру – бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды.
Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;
6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;
7) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – бөлімге қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық қадағалау актілері – прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;
11) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Қорытынды және ұсыныстар:
Жұмыс тобы:
Таганбаева Г.М. – Топ жетекшісі, бөлім басшысының орынбасары;
Акботина Л.Р. – Топ мүшесі, коммуналдық меншік секторының меңгерушісі;
Амирова А.К. – Топ мүшесі, мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі;
Катапова Г.М. – Топ мүшесі, бюджет секторының меңгерушісі;
Қасымова Ж.М. – Топ мүшесі, бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.