«GBR Project» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің жер
учаскесіне қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 71-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «GBR Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай, Атырау қаласы аумағынан блок L-39-21(10д-5в-15) көлемі 233,28 гектар жер учаскесіне 6 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Қалауи