Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының (020440001144) жер асты газ желісін жүргізу үшін берілген жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз Атырау-Орал тас жолы бойында орналасқан көлемі 2,503 гектар (ұзындығы – 2503,17 метр) жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Қалауи