Руслан Абаевич Кабдуллиев пен Ұлымай Мирамжанқызы Исабайға берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажыүшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №676 қаулысы

 

 

 

 

 

 

Руслан Абаевич Кабдуллиев пен

Ұлымай Мирамжанқызы Исабайға

берілген жер учаскесін мемлекет

мұқтажыүшін мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

             Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 84, 85-баптарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабын және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабын басшылыққа алып, Атырау қаласы аумағындағы жер мәселелері жөніндегі жер комиссиясының 2022 жылғы  30 наурыздағы №11 хаттамалық шешімі, сондай-ақ қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы  №03-06-04-1/138 хаты негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосалқы электр стансасы құрылысын салу жоспарлануына байланысты,Руслан Абаевич Кабдуллиев (861101303044) пен Ұлымай Мирамжанқызы Исабайға (961104450684) өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілген Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талғайраң ауылы, ТОО ЦБКО ОАО «Эмбамұнайгаз» бағбаншылық қоғамы, №368мекенжайында орналасқан (04-066-041-3672) көлемі 7,7224 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

           2.1Аталған жер учаскесін  мәжбүрлеп иеліктен шығару күні                        2022 жылдың 23 желтоқсаны  болып белгіленсін.

  3.Келісім  рәсімдерін жүзеге асыру  үшін жер учаскесінің  меншік иесіне Атырау қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі,  №13 үй мекенжайында орналасқан «Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, №15 бөлмеге хабарласу ұсынылсын.

  4.«Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

 

 

Қала әкімі                                                                                               М.Қалауи

 

 

 

№676
Дата публикации
04 апреля 2022