Конкурс өткізу мерзімі: «Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орны: инд.060003, Атырау қаласы, С.Сауыргалиев көшесі, №1. Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Телефон 8/7122/ 45-36-94
Мекеменің мекен жайы: Атырау қаласы, С.Сауыргалиев көшесі, №1.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары кәсіптік білім. Мәдениет, педагог мамандықтары бойынша. Кәсіпорынның бейіміне сәйкес экономика, басқа да бюджеттік кәсіпорын, мекемелерде басшылық лауазымдарында 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР «Еңбек Кодексі», ҚР «Бюджет Кодексі», ҚР «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, мәдениет пен өнердің даму бағыттары мен келешектерін анықтайтын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормаларымен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын білуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынуы тиіс:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
- 18 жасқа толмаған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
-Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: инд.060003, Атырау қаласы, С.Сауыргалиев көшесі, №1. Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Телефон 8/7122/ 45-36-94. E-mail: a.gizzatova@atyrau.gov.kz