2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Атырау қаласы ауылдық округтер әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

     

                                                                 Атырау қалалық аумақтық

                                                                 сайлау комиссиясының  

                                                                 2021 жылғы 25 маусымдағы

                                                                  №11 қаулыға қосымша

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Атырау қаласы ауылдық округтер әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Атырау қаласы ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

2021 жылғы 25 маусымға әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын

(113-1-б.2,3-т.)

 

2. Сайлау округінің  шекаралары мен Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен           2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Атырау қаласының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2021 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен              2021 жылғы 26 маусымнанбасталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда 9 шілде             2021 жылы жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

(113-3-б.1-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

КандидаттыңКонституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын 2021 жылғы             14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Атырау қаласы әкімдігі және Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға 2021 жылғы 14 шілдеге дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен              14 шілдеден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттарменолардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Атырау қаласы әкімдігі және Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Атырау қаласы әкімі

2021 жылғы 5 шілдеде дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2021 жылғы 10 шілдеде дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен           2021 жылғы 15 шілдеденкешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2021 жылғы 22шілдеден ерте емес              24 шілдеден кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2021 жылғы 25 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

2021 жылғы 25 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

2021 жылғы 25 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2021 жылғы           28 шілдеден кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

2021 жылғы 28 шілдеге сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Атырау қалалық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап2021 жылғы 31 шілдеге дейін жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден 2021 жылғы 31 шілдеге дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

                           

Дата публикации
25 июня 2021