Атырау облысы Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Атырау қаласы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 - бабына сәйкес Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге Атырау қаласының:
- Дамбы ауылдық округі әкімінің;
- Қайыршақты ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Атырау қаласы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және Атырау облыстық саяси-қоғамдық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жариялансын.
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Жұмағалиев
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Шалабаева
Атырау қаласы
25 маусым 2021 жыл
№11