Атырау облысы Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Атырау қаласы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 - бабы 6) тармақшасына, 21 - бабының 4 тармағына, 22 - бабына сәйкес Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атырау қаласы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша:
- Дамбы ауылдық округінің шекарасында Дамбы ауылының әкімін сайлау бойынша Дамбы сайлау округі;
- Қайыршақты ауылдық округінің шекарасында Қайыршақты ауылының әкімін сайлау бойынша Қайыршақты сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және Атырау облыстық саяси-қоғамдық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жариялансын.
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Жұмағалиев
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Шалабаева
Атырау қаласы
25 маусым 2021 жыл
№10