Атырау қаласы әкімдігінде «Е-өтініш» және «Нәтиже» Ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді модернизациялау жұмысын ұйымдастыру бойынша

Атырау қаласы әкімінің аппаратында өтініштерді қарауды бақылау бөлімі  жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздардың уақытылы қарастырылуын, сондай-ақ, өтініштердің бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, өтініштердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Қала бойынша 2021 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша барлығы  6658 өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан – 5664, заңды тұлғалардан – 994. Шағымдар саны -29.  Оның ішінде азаматтың мәселелері оң шешіліп -390 (94 %), 6268 өтінішке   (6%) заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің 26.02.2021ж. №21-63-17.52 тапсырмасы бойынша Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жетілдіру шеңберінде және өтініштерді қарау мәселесі бойынша статистикалық ақпарат беру туралы Бөлімнің хаттамалық тапсырмаларын оңтайландыру мақсатында Есептің бірыңғай үлгісі  енгізілді. Бірыңғай Есептік ақпаратты жоғарғы органдарға жасақтау жұмыстары жасақталады.  

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Е.Қошановтың «Өңірлер әкімдерінің өтініштермен жұмыс жөніндегі рейтингін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының талаптарының қатаң сақталуын және алдағы уақытта өтініштермен жұмыс бойынша өңірлер әкімдерінің рейтингісіне кемшіліктерді болдырмау шаралары алынып, азаматтар өтініштерімен жұмыс жасауға жауапты басшыларының біріне бекітіп, бақылау жұмыстары ұйымдастырылды.

Атырау қаласы әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органдар ашықтығының үлгілік моделін енгізу бойынша: Азаматтық қоғаммен өзара әрекет кезінде қоғамдық қатынастың бірнеше деңгейлерін сақтау қажеттігі : ақпараттандыру, кеңес беру, диалог, серіктестік. Қоғамдық қабылдау арқылы халықпен өзара әрекеттесу жолдары: Фронт-кеңсе жұмысы ; Медиа-жоспар бойынша  «Өтініш беру» www.1331.kz батырмасын қолдану арқылы беріледі; әлеуметтік желілер - Facebook, Instagram, Telegram, YouTube, ВКонтакте; кеңес алу үшін фронт-кеңсе  жеке қабылдау; жазбаша өтініш; виртуалды қабылдаулар «Бақылау», «Электрондық қызметтер орталығы», «Ашық диалог»  ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істейді. Жұмыс барысында тұрғындармен ашықтық және өзара әрекеттесу әдістері жетілдіріледі. Бұл жоспар жергілікті атқарушы органдар ашықтығының үлгілік моделі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) Қазақстан Республикасының Президент көмекшісі Т.К.Дүйсенованың төрағалығымен «Е-Өтініш» және «Нәтиже» жобаларын іске асыру Хаттамасымен танысып, аталған Хаттамаға сәйкес, өңірлердің мемлекеттік органдарының «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тестілік өтініштерін өңдеу мониторингінің  алгоритм жұмысын ұйымдастырылып және онлайн режимде жиналыс- семинарлары өткізіліп, жұмыстар жасалуда.

Осы жұмыстардың негізі жаңа «Нәтиже» орталықтары өтініштер келіп түскеннен кейін азаматтардың бірден 50 пайызға дейін мәселесін шеше алатындығы және «Е-Өтініш» жүйесі базасында құрылып, өтініш беруші мемлекеттік органдардан қабылданған шешімдер бойынша жауапкершілігін арттыра отырып, халыққа не қажет екенін және нақты проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
13 мая 2021