Атырау қалалық әкімдігінің қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің индустриялық–инновациялық, туризм және сауданы дамыту секторының меңгерушісі (2022 жылғы 17 наурызына дейін бала күту демалысындағы негізгі қызметкердің уақытша лауазым орны. Осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу

үшін ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Атырау қаласы әкімінің аппараты, 060011, Атырау  қаласы  Әйтеке би көшесі, 77«А»,

анықтама үшін телефондары/факс: (8-7122) 27-09-47,  27-10-16,

e-mail: akimat_kadr2013@maiI.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

 

  1. Атырау қалалық әкімдігінің қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің индустриялық–инновациялық, туризм және сауданы дамыту секторының меңгерушісі (2022 жылғы 17 наурызына дейін бала күту демалысындағы негізгі қызметкердің уақытша лауазым орны. Осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), санаты Е-R-3, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 227 238 теңгеден 296 396 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеті: сектордың жұмысын жоспарлап, ұйымдастыру; инфляциялық үдерістерді тежеу, сауда және қызмет көрсету саласын дамытуға ықпал ету жұмыстарын ұйымдастыру; Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу; қала аумағындағы базарларда инфляциялық үрдістерді тежеу мақсатында азық-түлік өнімдерінің бағаларына және олардың айлық қорына мониторинг жүргізу, тұрақтандыруға ықпал ету жұмысын жүргізу және ақпарат дайындау; азық-түлік өнімдерінің қорына, өнім бағаларының құрылуына талдау жасау және меморандумның орындалуына бақылау жүргізу; шағын кәсіпкерлікті және туризмді қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыруға ықпал ету; индустриялық – инновациялық дамыту және импорт айналымы бойынша аймақтық бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыру; қаланың әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру; туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыруға ықпал ету; қалалық әкімдік жанынан құрылған инновациялық-инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі кеңес отырыстарына қатысу; шағын кәсіпкерлік саласындағы бизнес жобаларды қарау, комиссияның жұмысын ұйымдастыру; кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық-техникалық көмек көрсету мәселелері бойынша қаржылық институттармен бірлесе жұмыс жүргізу; көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру; бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Атырау қалалық әкімдігінің қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің индустриялық–инновациялық, туризм және сауданы дамыту секторының меңгерушісі, Е-R-3  санаты  үшін - жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы), құқық, білім, қызмет көрсету (туризм, жерге орналастыру).  

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

            3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            6) ғылыми дәрежесінің бар болуы;

            7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш (нысаны жалғанады);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды электрондық түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «E-gov» электрондық Үкімет порталы не akimat_kadr2013@mail.ru электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерізімінде тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау қаласы әкімінің аппараты, Атырау  қаласы  Әйтеке би көшесі, 77«А», 2 қабат, кіші мәжіліс залында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 __________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

       Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________

      ______________________

      ______________________

      Мекен жайы: ______________________

      Байланыс телефоны: ______________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

 

 

 

 

 

 (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)



3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей



4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ



Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации



қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения













_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Атырау қалалық әкімдігінің қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің индустриялық–инновациялық, туризм және сауданы дамыту секторының меңгерушісі (2022 жылғы 17 наурызына дейін бала күту демалысындағы негізгі қызметкердің уақытша лауазым орны. Осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Дата публикации
13 апреля 2021