2021 жылғы 21 мамырға Атырау қаласының Ақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

№8                                                                                             19 сәуір 2021 жыл

 

 

2021 жылғы 21 мамырға Атырау

қаласының Ақсай ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 36-1 бабына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау қаласының Ақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы             2021 жылдың 21 мамырына тағайындалсын.
  2. Ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну – 2021 жылдың сәуір айының 21-нен – 26 сәуіріне дейінгі;

Ауыл әкіміне кандидаттарды тіркеу – 2021 жылдың сәуір айының 21-нен 6 мамырға  дейінгі мерзім белгіленсін.

  1. 2021 жылғы 21 мамырға тағайындалған Атырау қаласының Ақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңына сәйкес орындалсын.
  3. Осы қаулы Атырау қаласының әкіміне, Атырау қаласы Мәслихатының хатшысына жолдансын.
  4. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.

 

                                                                            

Атырау қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                         Е.Жұмағалиев

 

 

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

 

Орналасқан орны: Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 72, Атырау қаласы әкімі аппаратының ғимараты, 3 қабат, тел: 8 (7122) 35-52-55

Комиссия төрағасы

-

Жумагалиев Есенжол Таңатарұлы

Төраға орынбасары

-

Давлетов Артур Джексенбайұлы

Комиссия хатшысы

-

Шалабаева Айжан Гарипуллақызы

Комиссия мүшелері

-

Ғилымов Нұрсұлтан Алпамысұлы

 

-

Каримжанов Алмаз Каримжанұлы

 

-

Арыстанова Ақмарал Амантайқызы

 

-

Мырзашева Күлайна Жүнісқалиқызы

 

 

                                                       Атырау қалалық аумақтық  сайлау      

                                                                          комиссиясы

 

2021 жылғы 21 мамырға Атырау қаласының Ақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
20 апреля 2021