Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Атырау қаласы әкімдігі ғимаратында азаматтарды мәселелері бойынша қабылдау жөніндегі Фронт-кеңсе ашылып, қала әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) құрылған. Фронт-кеңсе жұмысын аталған бөлім үйлестіруде. Бұл ретте, Фронт-кеңсеге келген азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру жөніндегі мақсат қойылған. Азаматтарды қабылдау орталықтары өтініш берушінің мәселесін шешуге көмектесу кезінде ақыл-кеңес беру қызметтерін ұсынуы керек, соның ішінде өтінішті тиісті мекенжайға жіберу, қарастырылуы жағдайы туралы есеп беру және тағы басқасы. Осылайша жергілікті органға жүгінген өтініш беруші түрлі инстанцияларға жүгірмей кешенді көмек алатын болады.
Қала бойынша 2021 жылғы қаңтар-ақпан айында барлығы 2589 өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан – 2335, заңды тұлғалардан – 524. Шағымдар саны -15. Оның ішінде азаматтың мәселелері оң шешіліп -215 (9,2%), 2120 өтінішке (91%) заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Е-өтініш» жобасы аясында өтініш берушімен жұмыс істейтін жаңа форматта (үлгі жұмыс пен тиімді пайдалану және дұрыс шешім беру) басты назарды Фронт-кеңселердің жұмысына аударады.
Автоматтандырылған аналитикасы «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі азаматтарға не қажет екенін анықтауға және нақты проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Е-Өтініш» жүйесі бір түйінді мәселелерді шешеді:
Бұдан басқа, мемлекеттік органдарға жүктемені азайту, типтік жағдайлар бойынша қағазбастылық болдырмау үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) базасында «Нәтиже» орталығының жұмысы енгізіліп жатыр, оның міндеті өтініштерді қабылдауда ғана емес, сондай-ақ, жүйеде «Білім базасын» пайдалана отырып тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтан мәлімет көрсетуді ұйымдастыру жолымен азаматтың мәселесін жергілікті жерде шешуде болады.
Іс жүзінде, азаматтарды қабылдаудың Бірыңғай орталықтарын «Азаматтарға арналған Үкімет» саналатын Халыққа қызмет көрсету орталықтары негізінде құрылатын болады. «Нәтиже» орталығы арқылы жүгінген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері азаматтың мәселесін сол жерде бірден шешу мүмкіндігін қарайтын болады.
Жоспар бойынша мемлекеттік органдарында өтініштермен жұмыс жасаудың жаңа форматына көшу мақсатында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі шеңберінде жоспар-кестесі қаралып жүмыстар басталды. Бас Прокурордың «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алуды, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізуді» бекіту туралы бұйрығының жобасы (бұдан әрі-жоба) дайындалу үстінде. Аталған жоба Премьер-Министрдің 24.09.2020 жылғы «2020 жылғы 29 маусымдағы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін іске асыру бойынша шаралар туралы» №128-ө өкімімен бекітілген тізбенің 5-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Азаматтардың өтініштерін қарау бөлігінде әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне көшуде ақпараттық қолдаудың Медиа-Жоспары бекітілді. Медиа-жоспарға сай жұмыстар жүргізілетін болады, осы Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ, Өңірлер әкімдерінің өтініштермен жұмыс жөніндегі рейтингін айқындау Әдістеме өтініштермен жұмыс жөніндегі рейтингін айқындаудың жалпы ережелерін, қағидаттарын, ақпарат көздерін, есептеу әдістемесін, тәртібін белгілейді. Бұның өзі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінде ауқымды жұмыстары атқарылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі мақсаты азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру болып табылады.