Атырау қаласы әкімі аппаратында Өтініштердің «Е-өтініш» және «Нәтиже» Ақпараттық жүйесінің жұмысын Ұйымдастыру бойынша

Атырау қаласы әкімінің аппаратында өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздардың уақытылы қарастырылуын, сондай-ақ, өтініштердің бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, өтініштердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Фронт-кеңсеге келген азаматтарды тұрғын үй және жер, әлеуметтік қорғау, білім, жұмыспен қамту, қала аумағында жол, тротуарлардың және басқа қала шаруашылығы элементтерінің жұмыс өндірісі  бойынша құзыретті органдарға қолдау көрсетеді. Бекітілген кестеге сәйкес қала әкімінің, орын орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады.

Қала бойынша 2021 жылғы І тоқсан  қорытындысы бойынша барлығы    5000 өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан – 4086, заңды тұлғалардан – 914. Шағымдар саны -21.  Оның ішінде азаматтың мәселелері оң шешіліп -270 (5,5 %), 2120 өтінішке 4730  (95%) заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жетілдіру шеңберінде және өтініштерді қарау мәселесі бойынша статистикалық ақпарат беру туралы Бөлімнің хаттамалық тапсырмаларын оңтайландыру мақсатында Есептің бірыңғай үлгісі  енгізілді. Сұратылып отырған ақпарат "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясын алға жылжыту,                «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі мен «Нәтиже» орталықтарын іске қосу шеңберінде берілген тапсырмалардың мемлекеттік органдармен орындалу барысы жөнінде Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігінің басшылығына берілетін ақпараттарда қолданылады.

Қазіргі таңда, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарда «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің енгізілуін аяқтау және оның өнеркәсіптік пайдалану үшін іске қосылуын қамтамасыз ету жұмыстары жасақталып жатыр.

Бұдан басқа, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Нәтиже»  ақпараттық жүйесін құру қажет екенін айтқан болатын. «Нәтиже» орталықтары бірінші кезекте түсіндіру сипатындағы келіп түскен өтініштің 50 пайызына дейін қарай алатындығы,  сондай-ақ, жүйеде «Білім базасын» пайдалана отырып тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтан мәлімет көрсетуді ұйымдастыру жолымен азаматтың мәселесін жергілікті жерде шешуде болады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановта өткен азаматтардың өтініштерін қараудың жаңа форматына көшу жөніндегі кеңесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде мемлекеттік қызметшілер арасында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің нормаларын түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және онлайн режимде оқыту семинарлары өткізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  (бұдан әрі - Министрлік) 2021 жылға арналған IX Қазақстанның Азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітілді, ұсынымдардың бірі жергілікті атқарушы органдар ашықтығының үлгілік моделін енгізу болып табылады (шешімдер қабылдау процесіне тұрғындарды тарту және ортақ жауапкершілікті бөлу; ашықтықты арттыру; азаматтардың қажеттілігіне жедел жауап беру; азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыыру; халықпен жұмыс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында қызметтерді автоматтандыру; жергілікті атқарушы ведомствоаралық жұмысындағы өзара іс-қимылдың стандартты алгоритмдерін әзірлеу). Бұл жоспар жергілікті атқарушы органдар ашықтығының үлгілік моделі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі мақсаты ақпараттық жүйені модернизациялау ғана емес  азаматтардың мәселесін тез анықтап, сол жерден бірден шешім қабылдап,  қоғаммен өзара байланысты жолға қою үшін жаңа сапалы мүмкіндіктерді ашып арттыру.

Дата публикации
14 апреля 2021