Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия бойынша ақпарат

Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы  2021 жылдың 27 қаңтар күні қала әкімінің орынбасары Емберген Самат Жұмабайұлының төрағалығымен өтті.

Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаралуына келіп түскен ұсыныс құжаттарды қарау» мәселесі қаралып, Атырау қалалық Полиция басқармасының ұсынысына сәйкес 4 құжат комиссияда талқыланды.
1 азаматшаны ата-аналық құқығынан айыру ұсынысы қабылданып, қалған азаматтар мен азаматшаларға қолданыстағы заң шеңберіне сәйкес түсінік жұмыстары берілді. 

Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия бойынша ақпарат
Дата публикации
27 января 2021