АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 11.01.2021ж.
2021 жылғы 10 қаңтарда Атырау қаласы сайлау округі аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, VII шақырылған Атырау қаласы мәслитаты депутаттарының кезекті сайлауы болып өтті.
Атырау қалатық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылған қалалық учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес Қазақстан халық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы», «ADAL» саяси партиясы ұсынған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Атырау қалалық мәслихат депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары қала бойынша келесідей бөлінді:
Қазақстан халық партиясына – 8,26 %;
«Nur Otan» партиясына – 75,34 %;
«Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 8,15 %;
«ADAL» саяси партиясына – 8,25 %.
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 8(7122)355255
интернет-сайт: atyrau.gov.kz