Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
erkinkala@atyrau.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Кариев Мәлік Сағидоллаұлы
Еркінқала ауылдық округінің әкімі
Общая информация, образование

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы №10 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдеде Атырау қаласына қарасты Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, қала әкімінің өкімімен Кариев Мәлік Сағидоллаұлы Еркінқала ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Кариев Мәлік 1979 жылы Атырау қаласында туған. 2001 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  бітіріп, құқықтану мамандығын алған.

Карьера

 

 Еңбек жолын 2001 жылы Атырау облысының Ішкі істер департаментінде  бас маман болып бастап, 2006 жылға дейін қызмет атқарған.  

 2007 жылдан мемлекеттік қызметте. 2007- 2008  жылдары Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман, 2008-2019 жылдары  жылдан бастап ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасында кеңесші, бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент басшысының орынбасары,  2019-2021 жылдары Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет жасаған.   

2021-2023 жылдары «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалының Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасаған.

Тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.

Социальные медиа

Атырау қаласы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы