GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауы 2026 жылғы 24 маусымда сағат 16:00-де Тайынша қаласы, Центральный тұйық көшесі, 2 мекен-жайы бойынша өтеді.

09 июня 2026
Құрметті Тайынша қаласының тұрғындары!

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиевтің Тайынша ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуі: Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 3А мекенжай бойынша «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің СҚО Тайынша аудандық филиалының ғимаратында                    2026 жылғы 12 маусымда сағат 12:00-де өтеді.

Кездесу барысында әділет органдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізілетін болады.

Сіз жеке қабылдауда жүгіне алатын сұрақтар:

  • сот шешімдерінің орындалуы (алименттерді, берешектерді өндіріп алу, тыйым салуларды алып тастау);
  • нотариаттық және адвокаттық қызметтер көрсету;
  • жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу;

азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бойынша.

Тұрғындары кездесуге қатысуға шақырамыз. 

Тайынша қаласы әкімінің аппараты

08 июня 2026
Жеручаскелерінеуақытшаөтеусізжерпайдалануқұқығын сатубойынша сауда-саттық (аукцион) өткізутуралыхабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда — саттыққа қатысушылар! 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша уданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлік Тізілімінің www/gosreestr/kz веб-порталында (бұданәрі-тізілімнің веб-порталы) 2026 жылғы 24 маусымнан 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін (жергіліктіуақытпен) жер учаскелеріне бағаны көтеру әдісімен 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жерпайдалану (жалғаалу) құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы ақпарат береді.

Тізілім веб-порталында жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 5 жыл мерзімге сату «Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Ереже).

Сауда – саттықты өткізу нысаны-мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында элетрондық түрде Аукцион.

Сауда - саттық әдісі-Ағылшын (бастапқы бағаны көтеру)

Аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып, келесі жер учаскелері (сату объектілері)қойылады:

  1. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 15-175-

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – Жасанды интеллект деректерін өңдеу орталығын салу үшін

Жер учаскесінің орналасқан жері – Тайынша ауданы Тайынша қаласы (қосалқы станцияның жанында)

Жер учаскесінің алаңы (гектармен) – 3,0624 га

Құқық түрі-5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)

Жер учаскесінің шектеулері, ауыртпалықтары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген барлық экологиялық, санитарлық, құрылыс, теміржол нормаларын сақтау

 1 жылға жалдау ақысының сомасы – теңге) – 159 490

Бастапқы (бастапқы және ең төменгі) баға (теңге) – 3 846 685,6

Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 577 002,84

Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды.

Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.

 Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру орналастырылған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысушының өтінімі өтінімде көрсетілген қатысушылардың (сатып алушының) шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, веб-порталдың арнайы бөлінген бетінде электрондық конвертке жүктелетін сауда-саттық шарттарымен қатысушының келісімін және баға ұсынысын қамтиды.

Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерінен электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.

Егер сауда-саттық объектісін осындай тұлғаларға беруге Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес тыйым салынған жағдайда, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел қатысатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, сондай-ақ қандастардың құжаттары сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеу үшін қабылданбайды.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда – саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) % - ын құрайды, бірақ кемінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) және 30 (отыз) мың АЕК-тен аспайды.

e-Qazyna.kz веб-порталында электрондық әмиянды толтыру арқылы:• 1) Kaspi Bank немесе Halyk Bank QR кодын пайдалану арқылы онлайн• 2) әмияныңызда төлем үшін шот-фактура жасау, содан кейін төмендегі деректемелерге ақша аудару арқылы: Төлеуші ​​(орыс): «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
БСН: 050540004455
Ағымдағы шот (IBAN/ЖСК) «Қазақстан Халық банкі»: KZ226018871000394291
БИК: HSBKKZKX
ТМК: 857
БКК: 16 • 3) «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ жоғарыда көрсетілген деректемелеріне есептеу үшін екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы. Төлем мақсатында мынаны көрсетіңіз: қызметтерге ақы төлеу/қызметтерге қол жеткізу үшін e-qazyna.kz веб-порталындағы жеке шот балансын толтыру. 

Өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік дерекқорлардан және ақпараттық жүйелерден автоматты режімде алынбаған жағдайда қатысушы деректерді дербес енгізеді, сондай-ақ өтінімге растайтын құжаттарды қоса береді.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал веб-порталда көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға веб-портал аукциондық нөмір береді.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа қатысу кезінде мәлімделген талаптарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасу үшін Сауда-саттықты сатып алушының кепілдік жарнасы қамтамасыз ету болып табылады.

Конкурс жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен сатушы арасындағы жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері мен шарттарын белгілейтін құжат болып табылады.

 Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты және жер учаскесін жалдау шарты электрондық форматта веб-порталда жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.

Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

  1. кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) % - ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
  2. қалған сома жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына және жер учаскесін жалдау шартына белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы веб-порталда қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы сауда-саттық объектісі күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Сатып алушы түпкілікті төлемді төлеу жөніндегі шарттарды мерзімінде орындамаған жағдайда, Сатып алушы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жер учаскесі үшін сома төленуге тиіс күннен бастап төлем жүргізілген күнге дейін мерзімі өткен мерзім үшін өсімпұл (тұрақсыздық айыбын) төлейді.

         Анықтама телефоны: 8(71536)2-26-97,22185

12 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

2026 жылғы 8-30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ-де «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектінің қызметін және объектінің ұйымдастырушылық — басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылатын болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындалып, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.

14 апреля 2026
Құрметті Тайынша қаласының тұрғындары!

2026 жылғы 6–24 сәуір аралығында халық қатысатын бюджет шеңберінде Тайынша қаласы әкімдігі аппаратының ресми интернет-ресурсында қаладағы аялдамаларды ауыстыру жобасы бойынша Тайынша қаласының тұрғындары арасында дауыс беру жүргізілуде. 

10 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйге жақын орналасқан заң көмегі

Бүгінде Тайынша қаласының тұрғындары үшін құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану әлдеқайда жеңілдеді. 

Қала әкімінің аппаратында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы базасында орналасқан «Құқық кабинеті» жұмыс істейді. «Құқық кабинеті» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютермен жабдықталған. 

Оның көмегімен тұрғындар заңгерлік ақпаратты өз бетінше ала алады, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады.

«Құқық кабинеті» арқылы сондай-ақ келесі жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; электрондық үкіметтің eGov порталы; «ZanKomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АIЖО ААЖ); e-Otinish жүйесі және басқа да қызметтер. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жедел табуға, өтініштер мен сұрауларды электрондық түрде беруге, өтініштердің мәртебесін бақылауға, сондай-ақ кеңестік және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинетінде ақпараттық стенд орналастырылған, онда «Құқық кабинетінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинетінің» тиімді жұмыс істеуі үшін әкім аппаратының мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды. Қазіргі уақытта келушілер саны мен азаматтардың өтініштері бойынша мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — халықтың құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегіналуға қолайлы жағдай жасау.

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті болып, әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

18 февраля 2026
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң қабылданды

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы    2 наурыздан бастап құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енеді.

Бірыңғай Заңды қабылдау мынаған бағытталған:

  • адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуге;
  • құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге және жоюға;
  • құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге;
  • қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың профилактикасына азаматтардың белсенді қатысуын арттыруға.

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы – құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтау және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені.

Заңның негізгі мақсаттары – құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін (құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан) қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады.

Заңда мыналар көзделген:

  • құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілерінің тізбесі мен олардың құзыреттері;
  • құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл жүйесі;
  • құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесі;
  • құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын адамдарды ынталандыру шаралары;
  • Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Негізгі жаңашылдықтар:

  • азаматтарды және жергілікті қоғамдастықты құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмысқа тарту және оларды ынталандыру. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысына білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы ұйымдар мен уәкілетті органдар, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлік субъектілері, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Заңда көзделген өзге де субъектілер тартылады. Ортақ жауапкершілік енгізіледі: өңірдегі құқықтық тәртіп үшін – әкімдер, өз құзыреті шегінде профилактика үшін – мемлекеттік органдар, есептерді тыңдау бойынша – мәслихаттар жауапты болады.
    Үйлестіру Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссия (ВАК) арқылы жүзеге асырылады.
    ВАК жұмысының қорытындылары Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылықтардың профилактикасы) туралы Ұлттық баяндамада көрсетілетін болады;
  • құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесі: жалпы, жеке және арнайы, оның ішінде виктимологиялық (яғни нақты бір адамның немесе адамдар тобының құқық бұзушылықтың құрбаны болу қаупін төмендетуге бағытталған) шаралар, сондай-ақ тәуекелдерді ерте анықтауға және құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған шаралар.

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жалпы шаралар құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық себептер мен жағдайларды жою арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған.

Жеке профилактика шараларына мыналар жатады: профилактикалық әңгімелер, ресми ескертулер, жақындауға тыйым салу, әкімшілік жаза қолдану, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) есепке алу, профилактикалық есеп және бақылау, қорғау нұсқамасы және басқа да шаралар (құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау мақсатында тұлғаның не адамдардың шектеулі тобының құқықтық санасы мен мінез-құлқына жүйелі, мақсатты түрде ықпал ету үшін қолданылады, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін).
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі арнайы шаралар құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алуға, олардың жасалу себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған. Арнайы шараларды қолданудың негізі – адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібіне қол сұғатын қауіптер мен қатерлердің туындауы болып табылады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі қағидаттары Заңмен айқындалады:

  1. заңдылық;
    жариялылық;
    3. ғылыми негізділік;
    4. құпиялылық;
    5. репрессиялық шаралардан құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың басымдығы;
    6. кешенділік және жүйелілік;
    7. жеке дара тәсіл;
    8. ізгілік;
    9. отбасыны қолдау және сақтау;
    10. адамға және азаматқа физикалық және (немесе) психикалық азап келтіруге жол бермеу.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында профилактикалық шаралар қолданылатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен профилактика субъектілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

12 февраля 2026
«СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2025  жылғы есепті қоғамдық талқылауды жүргізу нәтижелері туралы қорытынды

«СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ

1.Қоғамдық талқылаудың өткізілетін күні — 2026 жылғы 16.01.-23.01.  

2.Қоғамдық талқылауды өткізу тәсілі— Тайынша қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/akim-tainsha/documents/details/944644?lang=ru

3.Қоғамдық талқылау өткізу туралы хабарлау тәсілі — Тайынша қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында электронды мекенжайы бойынша орналастырылған: https://www.facebook.com/share/p/17fwum4WHF https://www.facebook.com/share/p/1AbM1TMFXm/

4.Қоғамдық талқылауға қатысушылардың ұсыныстарының және (немесе) ескертулерінің тізбесі:

№

Ұсыныстаржәне (немесе) ескертулеренгізгенжекетұлғаның ТАӘ, ұйымныңатауы

Қоғамдықталқылаушеңберіндекеліптүскенұсыныстардыңжәне (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны

Ұсыныстыжәне (немесе) ескертудіқабылдаунемесеқабылдамаутуралымәліметтер

Ұсыныстыжәне (немесе) ескертудіқабылдаунемесеқабылдамаужөніндегінегіздемелер

Ескерту

1.

 жоқ

  жоқ

 жоқ

 жоқ

 жоқ

Қосымша мәлімет:_жоқ

   Тайынша қаласының әкімі В. Шпаковский

23 января 2026
Құрметті Тайынша қаласының тұрғындары!

2026 жылғы 20 қаңтардан бастап, халықтың қатысуы бюджетін іске асыру аясында, Тайынша қаласы әкімі аппаратының ресми интернет ресурсында Тайынша қаласының тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау жарияланды. Жобалық ұсыныстарды жинау 2026 жылдың 1 наурызына дейін белсенді болады.

15 января 2026
Сақ болыңыздар, WhatsApp-та алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды!

Сақ болыңыздар, WhatsApp-та алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды!

 

Кибершабуылдар WhatsApp есептік жазбаларына жасырын қол жеткізуге мүмкіндік беретін «GhostPairing» әдісін қолданады. Ол үшін олар WhatsApp немесе Facebook атынан жалған хабарламалар жібереді және пайдаланушыларды ресми қызметке еліктейтін жалған параққа бағыттайды. Телефон нөмірі мен растау кодын енгізгеннен кейін шабуылдаушылар есептік жазбаға қосымша құрылғы ретінде қосылады, корреспонденциялар мен файлдарға қол жеткізе алады және иесінің атынан хабарламалар жібере алады. Бұл ретте телефон қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді. Бұзушылық болғанын WhatsApp -тың «Байланысты құрылғылар» бөлімінен анықтай аласыз. Егер сіз белгісіз құрылғыны байқасаңыз, оны дереу алып тастау керек. Ешқашан үшінші тарап сайттарына растау кодтарын енгізбеңіз-қолданбадан тыс код сұрауы алаяқтықтың белгісі болып табылады. Екі факторлы аутентификацияны қосып, есептік жазбаның қауіпсіздік параметрлерін үнемі тексеріп отыруды ұсынамыз.

Азаматтарды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге, өз деректерін, кодтарын және банк карталарының деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге, үшінші тарап сілтемелерін ашпауға шақырамыз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы