
Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ 2023 жылғы 3 тоқсанда 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
қызмет көрсетушінің ақпаратты жүйесі арқылы («электрондық үкімет веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) электронды түрде www.egov.kzкөрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-0;
«Электронды үкімет» порталы арқылы – 8 мемлекеттік қызмет.
2023 жылдың 3 тоқсанында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне құқық беру» мемлекеттік қызмет — 6, «Электронды Үкімет» www.elicense.kzпорталы арқылы электронды түрде көрсетілді.
«Жер учаскесінің мақсатты бағытын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет — 2, қызмет көрсетушінің «электронды үкімет» www.egov.kz. ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді.
Қағаз нысанда көрсетілген «Елді мекен шегінде нысан салу үшін жер телімін беру» бойынша 2 мемлекеттік қызмет.
Жер телімін жеке меншікке сату біржолғы не бөліп-бөліп, қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет — 0
Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету санын арттыру мақсатында Тайынша қаласы әкімінің аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы» белсендірілді және ұйымдастырылды. 2023 жылғы 3 тоқсанда өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында мемлекеттік қызмет алушы саны-20.
Қала әкімінің аппаратымен қызмет алушылар арасында 210 астам кітапша тарату жөніндегі жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, сәуірде Фейсбук әлеуметтік желісінің парақшасында «СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ 2023 жылы 2 тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өтті-289 қарау, шілдеде мемлекеттік қызмет көрсететін маман Тайынша қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері үшін құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді, 9 қызметкер қатысты, ағымдағы жылдың тамыз айында «СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша интернет-конференция өткізілді (5 сұрақ келіп түсті, оларға жауаптар берілді).
Тайынша қаласы әкімінің аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметтердің тізілімі, негізгі түсініктері, жалпы ережелері, сипаты және мемлекеттік қызмет көрсету процессіндегі іс-әрекет тәртібі көрсетілген стенд жаңартылған. Бланктер және өтініштердің үлгілерімен ақпаратты стөлдер көпшіліктің назарына мемлекеттік және орыс тілдерінде орнатылған.
Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Тайынша қаласының әкімі В. Шпаковский