Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube арнасында — Болат Жәмішовпен эксклюзивті сұхбат

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 25 жыл толуына орай сұхбаттар топтамасы

Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырудан көп құрамдауышты зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшуді көздеген зейнетақы реформасы жүзеге асырылғалы да ширек ғасыр өтті.

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында мемлекет қайраткері, белгілі қазақстандық қаржыгер, "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішевпен зейнетақы реформасының неден бастау алғаны, іргетасының қалай қаланғаны, қателіктер мен қиындықтарды еңсеру тәжірибесі, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің не үшін қажет екендігі, оның эволюциясы мен мақсаты, сондай-ақ, тағы басқа да қызықты сәттер туралы сұхбат өтті. Болат Бидахметұлы зейнетақы реформасы тұжырымдамасын әзірлеушілердің бірі және оны іске асырудың белсенді қатысушысы ретінде танымал.

Жұмыс тобының құрамында Болат Бидахметұлы зейнетақы реформасын табысты іске асырған елдердің тәжірибесін зерделеді. Зейнетақы қорларының қызметін реттейтін және бақылайтын "Ұлттық зейнетақы агенттігін" бірінші болып басқарды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары лауазымында зейнетақымен қамсыздандыру бағытына жетекшілік етті.

Болат Бидахметұлы эксклюзивті сұхбатында: "Зейнетақы жүйесі – бұл ғасырлар бойғы жүйе, бір ұрпақ зейнетке шықса, келесі ұрпақ дүниеге келеді, ал зейнетақы жүйесі олар үшін де өз жұмысын жалғастыра береді. Егер қателіктер жіберілген болса, оны түзету ешқашан кеш емес. Зейнетақы жүйесі тұрақты, бірақ ол өзінің қазіргі ғана емес, болашақ зейнеткерлерді де лайықты зейнетақымен қамсыздандыру жолындағы басты мақсатына жету үшін икемді, үнемі жетілдіріп, дамытуға қабілетті болуы тиіс, - деген ойымен бөлісті.

Болат Жәмішовтың толық сұхбатын БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан 2023 жылдың 4-қыркүйегі күні мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=cTiRW6bPApw

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыздар.

Дата публикации
07 сентября 2023
Дата обновления
07 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

30 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ 2026 жылғы 2 тоқсанға аналитикалық анықтама
17 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру 
22 апреля 2026
Тұрақты кездесулер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы