«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ 2024 жылдың 12 айында 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
қағаз түрінде, көрсетілетін қызметті беруші арқылы-10 мемлекеттік қызмет;
қағаз түрінде, Мемлекеттік корпорация арқылы-2 мемлекеттік қызмет.
«Электронды Үкімет» порталы арқылы – 32 мемлекеттік қызмет.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің аса талап етілгені «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу»
«Электронды Үкімет» порталы арқылы электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету үлесін арттыру мақсатында «СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 14 іс-шара жүргізілді, атап айтқанда: мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері жөнінде 1 интернет конференция, Тайынша қаласы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде 4 тікелей эфир, құқықтық жалпы оқыту-4, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңке -1, кітапшаларды тарату бойынша іс-шаралар-4
Қызмет алушылар арасында мемлекеттік қызмет көрсетужөніндегі 544 кітапшалар тарату жөніндегі жұмыс жүргізілді.
Тайынша қаласы әкімінің аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметтердің тізілімі, негізгі түсініктері, жалпы ережелері, сипаты және мемлекеттік қызмет көрсету процессіндегі іс-әрекет тәртібі көрсетілген стенд жаңартылған. Бланктер және өтініштердің үлгілерімен ақпаратты стөлдер көпшіліктің назарына мемлекеттік және орыс тілдерінде орнатылған. Мемлекеттік органнның ресми интернет-ресурсында меморганмен көрсетілетін мемқызмметтер Тізілімі, есептер орналастырылған мемқызметтің нормативтік құқықтық заңды актілері, «мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда да, мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметтерінің маңызды басымдылығы болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға бағытталған оқу семинарлары өткізілуде, мұнда мемлекеттік органның қызметкерлері уақытылы қатысады.
Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет алған кезде азаматтарды электронды үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында «СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ тұрғындар өз еркінше электронды қызмет алатын өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді.
2024 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы секторы арқылы 117 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтің сапалы және уақытылы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі.Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын Тайынша ауданы әкімінің аппаратына ұсынылады.
Тайынша қаласының әкімі В. Шпаковский