«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешім жобасына Пресс - релиз

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешім жобасына

                                           Пресс - релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні құрудың негізі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 75 және 9 баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың  мақсаты - мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету.

2025-2027 жылдарға арналған Тайынша қаласы бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 52-1-бабы негізінде есептелген, 2022-2023 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2024 жылғы бағалау ескерілген.

2025 жылға Тайынша қаласының бюджетіне жобаланған түсімдер көлемі анықталды, сомасы 200 941 мың теңге, 2026 жылға– 207973 мың теңге,  2027 жылға – 215253 мың теңге.

         2025 жылға Тайынша қаласы бюджетінің жалпы көлемі – 224372 мың теңге, 2026 жылға – 232255 мың теңге, 2027 жылға – 240353 мың теңге сомасында анықталды.

Нормативтік құқытық актінің жобасын қабылдау өзімен әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарының теріс әсеріне әкеп соқтырмайды. 

Шешімнің жобасы «Электронды Үкімет» порталындағы ҮЕҰ ашық бөлімінде орналастырылған.

 

 

              Қала әкімі                                                            В. Шпаковский

Дата публикации
26 декабря 2024