«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 108/9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімін қабылдау қажеттілігі туралы түсініктеме жазбахаты

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104, 109-1 - 44 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 2-7) тармақшасына сәйкес Тайынша қаласының 2024 жылға арналған бюджетіне нақтылау  жүргізу қажет.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Тайынша қаласының бюджетін нақтылау көзі салық түсімдерін ұлғайту есебінен Тайынша қаласы бюджетінің кіріс және шығыс бөлігін ұлғайту болып табылады.   

      

          Бюджеттің кіріс бөлігін 33 000 мың теңге сомасына ұлғайту, оның ішінде:

          

        101 202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы» - 30 000 мың теңге сомасында;

         104 402 «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық» - 3 000 мың теңге сомасында.

          Бюджеттік бағдарламалардың шығыстарына жіберу:

         124.008.015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 11000 мың теңге сомасында (Тайынша қаласының көшелерін жарықтандыру);

         124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру»- 5000 мың теңге сомасында (жаңа жылдық қалашықты салу);

          124.013.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» - 16 000 мың теңге сомасында (су өткізу арықтарын жайластыру 5000 мың теңге, автомобиль жолдарын бейіндеу 3000 мың теңге, жол белгілерін дайындау және орнату 2000 мың теңге, жолдарды қардан тазарту 3000 мың теңге, тиеу және әкету қар 3000 мың теңге);

 

 

 

         124.045.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» - 1000 мың теңге сомасында (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласында Шоқан Уәлиханов және Садовая көшелерін орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу-1000 мың теңге).

 

  

 

     Тайынша қаласының әкімі                                                 В. Шпаковский

 

 

Дата публикации
02 августа 2024